Фото

АҚШ-та су перілерінің фестивалі қалай өтті – фото

Sputnik

MerMagic Con Вирджиния штатындағы Манассаста, Freedom Aquatic Center су орталығында өтті. Бұл - су перілерінің әлемдегі ең ірі фестивалі.

Мерекеге түрлі жастағы, бойы мен дене пішіні әр алуан адам қатыса алады. Ешқандай шектеу жоқ. Бастысы – су перісінің киімінде жүзуге деген ниет пен қабілет.

Әдетте су перілері фестивальге жылтыр, ашық түсті киімдер киеді және бұл шараға бір жыл бойы дайындалады. Себебі "су перілерінің балына" арнайы костюм тіккізу де қомақты қаражатты қажет етеді. Киім, аксессуарлар және ең алдымен су перісінің құйрығы арзан тұрмайды.

Ертегі кейіпкерінің құйрығы әдетте образдың ең қымбат бөлшегі болады. Оның бағасы 2-3 мың доллар шамасында. Ол силиконнан, поролон және матадан дайындалуы мүмкін.

Фестиваль кезінде сұлулық байқауы да ұйымдастырылып, жылдың ең сұлу су перісі анықталады. Шараға қатысушылар арасында жүзуді сүйетіндер, энтузиастар, жүзумен кәсіби деңгейде айналысатын спортшылар да бар. Фестивальге тіпті 5 жастан асқан балалар да қатыса алады.

1 / 10
Вирджиния штатындағы су орталығында өткен MerMagic Con фестиваліне су әлеміндегі ертегі кейіпкерлерінің түрлі-түсті костюмдерін киген жүздеген адам жиналды.
2 / 10
Манассастағы Freedom Aquatic Center орталығында су перілері MerMagic фестивалі аясында суретке түсіп тұр, Вирджиния штаты.
3 / 10
MerMagic Con – су перілерінің әлемдегі ең ірі фестивалі.
4 / 10
Су перілерінің қауымдастығына сырт келбеті мен дене пішімі алуан түрлі адамдар мүшелік етеді.
5 / 10
Фестивальге қатысушылар суретке түсіп, су астына сүңгіді.
6 / 10
MerMagic Con кез келген адам жасы мен жынысына қарамастан фестивальге қатыса алады деген идеяны насихаттайды.
7 / 10
Алайда су перісі болу да қымбатқа түседі. Себебі фестивальге қатысушылар су перісінің киіміне мыңдаған доллар жұмсайды.
8 / 10
Су перісінің құйрығы көбіне тапсырыс бойынша силиконнан, кейде поролон және матадан дайындалады. Суретте: Вирджиния штатында өткен MerMagic Con фестиваліне қатысушы су перісінің "құйрығын"киіп жатыр.
9 / 10
MerMagic Con фестиваліне қатысуға келген су перілері.
10 / 10
Ұйымдастырушылар MerMagic Con фестиваліне қатысушыларды су астында видеоға түсіріп жатыр.