Оқиға

Семейде өрт кезінде 18 жастағы қыз 9-қабаттан секіріп кетті

2003 жылы туған қыз ата-анасы есікті сыртынан жауып кеткендіктен үйден шыға алмаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Семейде 18 жастағы қыз бала өрт шыққан тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды Алтайньюс.

Алматыда 13 отбасы баспанасыз қалды – видео
Өрт бүгін түстен кейін қала орталығында 9-қабатта орналасқан пәтердің балконынан шықты. Өрт сөндірушілер келгенде тұрғын үйден қою қара түтін шығып жатқан.

Қалалық ТЖ басқармасының мәліметінше, пәтерде 2003 жылы туған қыз болған. Ол ата-анасы есікті сыртынан жауып кеткендіктен үйден шыға алмаған.

Құтқарушылар қызды эвакуациялау үшін автосатыны ашқанын хабарлады. Алайда ол қорыққанынан тоғызыншы қабаттың балконынан секіріп кеткен. 

Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккен қызды шұғыл ауруханаға жеткізді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.