Оқиға

Семейде өрт кезінде 18 жастағы қыз 9-қабаттан секіріп кетті

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуАрхивное фоо пожара в жилом доме
Архивное фоо пожара в жилом доме - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2021
Жазылу
2003 жылы туған қыз ата-анасы есікті сыртынан жауып кеткендіктен үйден шыға алмаған

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Семейде 18 жастағы қыз бала өрт шыққан тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды Алтайньюс.

Пожар в двухэтажном доме в Жетысуском районе - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2021
Оқиға
Алматыда 13 отбасы баспанасыз қалды – видео
Өрт бүгін түстен кейін қала орталығында 9-қабатта орналасқан пәтердің балконынан шықты. Өрт сөндірушілер келгенде тұрғын үйден қою қара түтін шығып жатқан.

Қалалық ТЖ басқармасының мәліметінше, пәтерде 2003 жылы туған қыз болған. Ол ата-анасы есікті сыртынан жауып кеткендіктен үйден шыға алмаған.

Құтқарушылар қызды эвакуациялау үшін автосатыны ашқанын хабарлады. Алайда ол қорыққанынан тоғызыншы қабаттың балконынан секіріп кеткен. 

Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккен қызды шұғыл ауруханаға жеткізді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Жаңалықтар
0