НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің 14 тамыздағы мәліметі бойынша, өткен тәулікте 7 510 адамда коронавирус індеті ПТР-сынама арқылы расталды. 121 адам коронавирустық инфекциясынан, 21 адам пневмониядан көз жұмды.
116 574 адам коронавирус инфекциясынан (–112 025 + және 4 549 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 905 пациент стационарда, 85 669 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 924 адамның жағдайы ауыр,
- 505 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 253 науқас жасанады тыныс алдыру аппаратында жатыр.
14 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 6 044 062 адам, II компонентін 4 668 157 адам салдырды.
Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 679 832 адамнан анықталды.