Денсаулық

Өткен тәулікте елімізде қанша адам коронавирустан қайтыс болды

© AFP 2024 / ALFREDO ESTRELLAДәрігер құжаттармен жұмыс істеуде
Дәрігер құжаттармен жұмыс істеуде - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2021
Жазылу
Министрлік ақпаратына сәйкес, 14 тамыздағы жағдай бойынша 253 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің 14 тамыздағы мәліметі бойынша, өткен тәулікте 7 510 адамда коронавирус індеті ПТР-сынама арқылы расталды. 121 адам коронавирустық инфекциясынан, 21 адам пневмониядан көз жұмды. 

116 574 адам коронавирус инфекциясынан (–112 025 + және 4 549 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 905 пациент стационарда, 85 669 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 924 адамның жағдайы ауыр,
  • 505 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 253 науқас жасанады тыныс алдыру аппаратында жатыр.

14 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 6 044 062 адам, II компонентін 4 668 157 адам салдырды.

Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 679 832 адамнан анықталды.

 

Жаңалықтар
0