НҰР -СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Елордада карантин талаптарын бұзған 9 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Сарыарқа ауданында карантин талабын бұзушылар тізіміне "Pivovaroff" мейрамханасы, "PS4" ойын клубы енді.
Алматы ауданында белгіленген уақыттан кейін "Бар Graff.in", "Куры Гриль" асханасы, "Рыба моей мечты" караоке бары жұмысын жалғастырды.
Байқоңыр ауданында орналасқан "Панаехали", "Шашлыкоff" барларында, "Жасмин" кафесінде карантин сақталған жоқ.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.
Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз, коронавируспен ауыратындар саны өсіп жатыр.