Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда 9 мекеме карантин талаптарын бұзған

© Photo : Рixabay/Marcel Сэндвич
Сэндвич - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді

НҰР -СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Елордада карантин талаптарын бұзған 9 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Лето в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2021
Қоғам
Қазақстанда 9 тамыздан бастап кімдер үшін карантин жеңілдетілді
Сонымен, Есіл ауданындағы "Панаехали" барында елорданың бас санитар дәрігері қаулысының талаптары бұзылғаны анықталды, келушілер мен мекеме әкімшілігі маска режимін сақтамаған, сонымен қатар кальян шегуге жағдай жасаған.

Сарыарқа ауданында карантин талабын бұзушылар тізіміне "Pivovaroff" мейрамханасы, "PS4" ойын клубы енді.

Алматы ауданында белгіленген уақыттан кейін "Бар Graff.in", "Куры Гриль" асханасы, "Рыба моей мечты" караоке бары жұмысын жалғастырды.

Байқоңыр ауданында орналасқан "Панаехали", "Шашлыкоff" барларында, "Жасмин" кафесінде карантин сақталған жоқ.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз, коронавируспен ауыратындар саны өсіп жатыр.  

Жаңалықтар
0