Оқиға

Алматыда жаппай жол апаты болды: жүргізуші жапырылған көлікте қысылып қалды – видео

Құтқарушылар зардап шегушіні гидравликаның көмегімен көліктен шығарды. Ер адамның жағдайы ауыр
Sputnik

АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Алматының Дулати көшесінде үш көлік жол апатына түсті.  

Алматыда жаппай жол апаты болды: жүргізуші жапырылған көлікте қысылып қалды – видео

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes-Benz Е-класс көлігі Дулати көшесімен оңтүстік бағытта қатты жылдамдықпен келе жатқан. Набережная көшесінен сәл жоғарыда автокөлік артқы оң жақ бөлігімен сол бағытта келе жатқан Hyundai Getz көлігімен соқтығысқан.

Алматыда жаппай жол апаты болды: жүргізуші жапырылған көлікте қысылып қалды – видео

Осыдан кейін Mercedes жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Daewoo Nexia көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан Nexia дәмхана аумағына ұшып түсті.   

Алматыда жаппай жол апаты болды: жүргізуші жапырылған көлікте қысылып қалды – видео

Daewoo Nexia жүргізушісі көлікте кептеліп қалған. Оқиға орнына құтқару қызметі мен жедел жәрдем шақырылды. Құтқарушылар зардап шеккен адамды шығару үшін гидравликалық құралдардың көмегімен автокөліктің шанағын кесті.

Алматыда жаппай жол апаты болды: жүргізуші жапырылған көлікте қысылып қалды – видео

Ер адамның жағдайы ауыр, ол ауруханаға жатқызылды.

Жол полициясы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.