Оқиға

Нұр-Сұлтанда ер адам кешкі серуеннен үйіне кіріп бара жатқан қызды зорлады – видео

Полиция қылмыс жасады деген күдікпен 47 жастағы ер адамды ұстады, тергеу жүріп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Елорданың сол жағалауындағы "Мисон" тұрғын үй кешенінде ер адам мүгедек қызды зорлады.

Желіде оқиға куәгерлері түсірген видео тарады. Олардың айтуынша, 40-50 жас шамасындағы ер адам тұрғын үй кіреберісінде мүгедек қызды зорлаған.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бұған қатысты түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, 8 тамыз сағат 20.42-де "102" нөміріне тұрғын үй кіреберісінде қыз зорланғаны туралы ақпарат түсті.

"29 жастағы тұрғын үй ауласында серуендегеннен кейін кіреберіске кірген. Сол кезде екінші қабатта оны белгісіз ер адам зорлаған", - деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.

Полиция қылмыс жасады деген күдікпен 47 жастағы ер адамды "ізін суытпай" ұстады.

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.