Спорт

Қазақстандық каратеші екінші қарсыласын жеңді

Софья Берульцева екінші кездесуінде Еуропа ойындарының жеңімпазы Сильвия Семерароны 5:1 есебімен ұтты
Sputnik

НҰР -СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстандық каратеші Софья Берульцева Токио Олимпиадасындағы екінші кездесуінде италиялық қарсыласын ұтты, деп хабарлады Olympic.kz.

Министр Балаева сынға ұшыраған олимпиадашыларға араша түсті  
Әйелдер арасында 61 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан ол екінші кездесуінде Еуропа ойындарының жеңімпазы, Италия спортшысы Сильвия Семерароны 5:1 есебімен ұтты. 

Айта кетерлігі, Софья Берульцева каратенің кумитэ санаты бойынша А тобында бақ сынауда. Топтық кезеңде оның қарсыластары Мельтем Ходжаоглу (Түркия), Сильвия Семераро (Италия), Ирина Зарецкая (Әзербайжан) және Аюми Уэкуса (Япония).

Топтық кезеңде үздік атанған екі спортшы жартылай финалға жолдама алады. Қазақстандық Софья Берульцева топтық кезеңде екі кездесу өткізіп, біреуін тең есеппен, екіншісін жеңіспен аяқтады. 

Отандасымыздың келесі қарсыласы әлем және Еуропа ойындарының чемпионы Ирина Зарецкая (Әзербайжан) болады.