Елордада тұрғындардың жайлы демалысына арналған орындар жылдан-жылға көбейіп келеді. Олардың ең бастысы – қала көркіне көрік қосатын сәнді саябақтар.
Нұр-Сұлтанда бүгінде онға жуық саябақ бар. Ол жерде отбасымен серуен құруға, спортпен шұғылдануға, көңіл көтеруге, балаларға естен кетпес демалыс сыйлауға болады.
Мәселен, қаладағы Орталық саябақ отбасылық серуен үшін таптырмас саябақ. Мұнда балалар да, ересектер де уақытын көңілді өткізеді. Бұл ғашықтардың да сүйікті мекені. Есіл өзенінде кемемен жүруге де мүмкіндік бар.
Ал елорданың сол жағалауындағы Ботаникалық бақтан экзотикалық өсімдіктерді таба аласыз.
Әсем қаланың адам аяғы үзілмейтін көрікті жерлерін Sputnik Қазақстан топтамасынан тамашалаңыз.
1 / 18
Ботаникалық бақ – елордадағы ең үлкен әрі ең жас саябақтардың бірі. Қалалықтардың сүйікті мекені 2018 жылы жазда ашылды.
Отбасымен демалуға және спортпен шұғылдануға таптырмас орындардың бірі. Саябақта балалар алаңы, тренажер залы, волейбол мен баскетбол алаңдары бар. 11 шақырым веложол және 10,5 шақырым жүгіру жолы төселген. Жасанды су қоймасы арқылы жаяу жүргіншілер көпірі өтеді. Бақта 95 мың ағаш отырғызылған. Жалпы аумағы – 87,9 гектар, оның ішінде 43,2 га – ботаника бағы, 44,7 га – саябақ аумағы.
© Sputnik / Абзал Калиев
2 / 18
Ботаникалық бақ аумағында жылыжайлар бар. Онда 1000 дана өсімдік өседі. Олардың арасында банан мен апельсин ағаштарын, құрма мен кокос пальмасын, цитрустық жемістер мен гүлдерді кездестіруге болады. Экзотикалық өсімдіктер Қазақстанға Германия, Мексика, Оман, Израиль, Нидерландыдан келеді. Көшеттер мен тұқымдар Ресей мен Беларусьтен де жеткізіледі.
© Sputnik / Абзал Калиев
3 / 18
Елорданың халық көп баратын жері – "Бәйтерек" монументі. Кешен төңірегі жасыл желекпен көмкерілген. Шаһардың күйбең тірлігінен шаршағанда, бір сәт тынығып отыратын орындықтар да бар.
"Бәйтеректің" ұшар басындағы шарға көтеріліп, қаланы биіктен тамашалауға болады. Бірақ кіру ақылы: ересектер 1000 теңге, балалар 700 теңге төлейді. Кешен күн сайын таңғы оннан кешкі онға дейін ашық.
© Sputnik / Абзал Калиев
4 / 18
"Бәйтерек" алаңынан "Керуен" сауда ойын-сауық орталығына қарай өтсеңіз, саябақ Нұржол бульварымен жалғасады.
© Sputnik / Абзал Калиев
5 / 18
Нұр-Сұлтанның сәнін келтіріп тұрған саябақтардың бірі – Есіл өзенінің жағалауындағы Орталық саябақ. Оның тарихы өткен ғасырдан бастау алады. Орталық саябақ қаланың нағыз мақтанышына айналды. Демалыс орнының аумағы 104 гектарды құрайды. Саябақта бүкіл отбасыға арналған ойын-сауық жетерлік.
© Sputnik / Владислав Воднев
6 / 18
Есіл өзенінде теплоходпен серуендеуге де болады.
Саябақ аумағында жағажай да орналасқан. Онда балалар, жасөспірімдер мен ересектер шомылатын үш бассейн, сонымен бірге дәмхана бар. Аква аймаққа екі жүзге тарта адам сыяды.
Саябақ аумағында жағажай да орналасқан. Онда балалар, жасөспірімдер мен ересектер шомылатын үш бассейн, сонымен бірге дәмхана бар. Аква аймаққа екі жүзге тарта адам сыяды.
© Sputnik / Абзал Калиев
7 / 18
Астаналықтардың тағы бір сүйікті орны – сол жағалаудағы "Жетісу" саябағы. Бұрын бұл көрікті мекен "Арай" деп аталды. Жаңа атауға елорданың 20 жылдық мерейтойынан кейін ие болды. Алматы облысы бас қалаға тарту жасап, саябақты жаңартты.
Мұнда Алматы облысының көрнекті орындарының бәрі дерлік көрініс тапты деуге болады. Саябақтың кіреберісінде Жетісуды бейнелейтін жеті арка, одан әрі субұрқақтары бар басты аллея орналасқан. Балаларға арналған ойын алаңдары, белсенді демалысты жақсы көретіндер үшін 1200 метрлік велосипед жолы да бар.
© Sputnik / Абзал Калиев
8 / 18
Айтпақшы, Шарын шатқалы елордада да бар. Дәл осы "Жетісу" саябағында оның үлгісі орналасқан. Шатқал алдында суретке түсіп, тынығуға болады.
© Sputnik / Абзал Калиев
9 / 18
Саябақта Балқаш көліне құйып жатқан жасанды Іле өзені өтеді. Толықтай жаңарған демалыс орны Алматы облысының көрікті жерлерін көзбен көргендей әсер береді.
"Жетісу" саябағын жаңғыртуға 3,05 миллиард теңге жұмсалды. Жалпы аумағы 15 гектарды құрайды.
© Sputnik / Абзал Калиев
10 / 18
Елордадағы тағы бір демалыс орындарының бірі – "Қазақстан – Корея достық бағы". Саябақ екі ел достығының символы ретінде 2017 жылы ашылды. Көрікті жер сол жағалауда Жауқазын мен Арай көшелерінің қиылысында орналасқан, "Жетісу" саябағымен шектеседі.
© Sputnik / Абзал Калиев
11 / 18
Бақтың басты атрибуты – "Достық қоңырауы". Кореяда үлкен қоңыраудың соғылуы жаңа жылдың келгенін білдіреді.
Саябаққа келгендер айнадай тоған, гүлзар, корей халқының дәстүрлі сәулетін тамашалай алады. Сондай-ақ, корей орманы бейнеленген орман шаруашылығы бағын көруге болады. Корея үкіметі бақ құрылысына 1,7 миллион доллар инвестициялаған.
© Sputnik / Абзал Калиев
12 / 18
Нұр-Сұлтанда айналаны шолу дөңгелегі де бар. Бұл да көпшілік жиі баратын орынға айналды. Елорданы жоғарыдан тамашалағысы келетіндер осы жерге жиналады. Шолу дөңгелегі 2017 жылы шілде айында елорда күніне тарту етілді. Биіктігі – 65 метр, ал салмағы – 270 тонна. Аттракционның 36 кабинасы бар.
© Sputnik / Абзал Калиев
13 / 18
Жұмыс күндері 10.00-ден 20.00-ге дейін істейді. Касса 19.00-ге дейін ашық.
Ересектер үшін билет құны – 1200 теңге, 13 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға 1000 теңге, 3 жастан 12 жасқа дейінгілерге – 900 теңге.
Ересектер үшін билет құны – 1200 теңге, 13 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға 1000 теңге, 3 жастан 12 жасқа дейінгілерге – 900 теңге.
© Sputnik / Владислав Воднев
14 / 18
Әбу-Даби Плаза маңындағы Желілік саябақ та тұрғындар мен қонақтардың жайлы демалысына арналған. Аумағы11 гектардан асады. Саябақта балалар ойын алаңы, скейт-алаңы, спорттық тренажерлер аймағы, жаяу жүргіншілер жолы бар. Әбу Даби плаза кешенінен басталатын бұл саябақ Ботаникалық бақпен қосылады деген жоспар бар.
© Sputnik / Абзал Калиев
15 / 18
Ғашықтар саябағы "Ханшатырға" қарама-қарсы орналасқан. Бұл жерде ғашықтарға арналған әдемі ескерткіш бар. Бозбала мен бойжеткеннің мүсіндік композициясы "Бақытым менің" деп аталады. Саябақ 2005 жылы ашылды.
© Sputnik / Абзал Калиев
16 / 18
"Ханшатырдан" шықсаңыз, жерасты өткелі арқылы саябаққа өтіп, көрікті мекенде достармен кездесіп, кешті көңілді өткізуге болады
© Sputnik / Абзал Калиев
17 / 18
ЭКСПО саябағы көрме аумағында орын тепкен. Бұл жердегі ерекше декорациялар мен қала көрінісі көз қуантады. Саябақта түрлі түске боялатын субұрқақ бар. Балалардың көңілін аулайтын орындар да жоқ емес.
© Sputnik / Абзал Калиев
18 / 18
ЭКСПО саябағы да халықтың сүйікті мекеніне айналып келеді.
© Sputnik / Абзал Калиев