Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Нұр-Сұлтанның жанға жайлы демалыс орындары – фото

Жазылу
НовостиTelegram
Нұр-Сұлтанда жаздың жаймашуақ күндерінде күйбең тірлікті ысырып қойып, бір сәт тынығатын демалыс орындары жетерлік. Олардың көпшілігі халықтың сүйікті мекеніне айналған

Елордада тұрғындардың жайлы демалысына арналған орындар жылдан-жылға көбейіп келеді. Олардың ең бастысы – қала көркіне көрік қосатын сәнді саябақтар.

Нұр-Сұлтанда бүгінде онға жуық саябақ бар. Ол жерде отбасымен серуен құруға, спортпен шұғылдануға, көңіл көтеруге, балаларға естен кетпес демалыс сыйлауға болады.

Мәселен, қаладағы Орталық саябақ отбасылық серуен үшін таптырмас саябақ. Мұнда балалар да, ересектер де уақытын көңілді өткізеді. Бұл ғашықтардың да сүйікті мекені. Есіл өзенінде кемемен жүруге де мүмкіндік бар.

Ал елорданың сол жағалауындағы Ботаникалық бақтан экзотикалық өсімдіктерді таба аласыз.

Әсем қаланың адам аяғы үзілмейтін көрікті жерлерін Sputnik Қазақстан топтамасынан тамашалаңыз.

© Sputnik / Абзал КалиевБотаникалық бақ – елордадағы ең үлкен әрі ең жас саябақтардың бірі. Қалалықтардың сүйікті мекені 2018 жылы жазда ашылды. Отбасымен демалуға және спортпен шұғылдануға таптырмас орындардың бірі. Саябақта балалар алаңы, тренажер залы, волейбол мен баскетбол алаңдары бар. 11 шақырым веложол және 10,5 шақырым жүгіру жолы төселген. Жасанды су қоймасы арқылы жаяу жүргіншілер көпірі өтеді. Бақта 95 мың ағаш отырғызылған. Жалпы аумағы – 87,9 гектар, оның ішінде 43,2 га – ботаника бағы, 44,7 га – саябақ аумағы.
Ботаникалық бақ - Sputnik Қазақстан
1/18
Ботаникалық бақ – елордадағы ең үлкен әрі ең жас саябақтардың бірі. Қалалықтардың сүйікті мекені 2018 жылы жазда ашылды. Отбасымен демалуға және спортпен шұғылдануға таптырмас орындардың бірі. Саябақта балалар алаңы, тренажер залы, волейбол мен баскетбол алаңдары бар. 11 шақырым веложол және 10,5 шақырым жүгіру жолы төселген. Жасанды су қоймасы арқылы жаяу жүргіншілер көпірі өтеді. Бақта 95 мың ағаш отырғызылған. Жалпы аумағы – 87,9 гектар, оның ішінде 43,2 га – ботаника бағы, 44,7 га – саябақ аумағы.
© Sputnik / Абзал КалиевБотаникалық бақ аумағында жылыжайлар бар. Онда 1000 дана өсімдік өседі. Олардың арасында банан мен апельсин ағаштарын, құрма мен кокос пальмасын, цитрустық жемістер мен гүлдерді кездестіруге болады. Экзотикалық өсімдіктер Қазақстанға Германия, Мексика, Оман, Израиль, Нидерландыдан келеді. Көшеттер мен тұқымдар Ресей мен Беларусьтен де жеткізіледі.
Ботаникалық бақ - Sputnik Қазақстан
2/18
Ботаникалық бақ аумағында жылыжайлар бар. Онда 1000 дана өсімдік өседі. Олардың арасында банан мен апельсин ағаштарын, құрма мен кокос пальмасын, цитрустық жемістер мен гүлдерді кездестіруге болады. Экзотикалық өсімдіктер Қазақстанға Германия, Мексика, Оман, Израиль, Нидерландыдан келеді. Көшеттер мен тұқымдар Ресей мен Беларусьтен де жеткізіледі.
© Sputnik / Абзал КалиевЕлорданың халық көп баратын жері – "Бәйтерек" монументі. Кешен төңірегі жасыл желекпен көмкерілген. Шаһардың күйбең тірлігінен шаршағанда, бір сәт тынығып отыратын орындықтар да бар. "Бәйтеректің" ұшар басындағы шарға көтеріліп, қаланы биіктен тамашалауға болады. Бірақ кіру ақылы: ересектер 1000 теңге, балалар 700 теңге төлейді. Кешен күн сайын таңғы оннан кешкі онға дейін ашық.
Бәйтерек маңындағы саябақ - Sputnik Қазақстан
3/18
Елорданың халық көп баратын жері – "Бәйтерек" монументі. Кешен төңірегі жасыл желекпен көмкерілген. Шаһардың күйбең тірлігінен шаршағанда, бір сәт тынығып отыратын орындықтар да бар. "Бәйтеректің" ұшар басындағы шарға көтеріліп, қаланы биіктен тамашалауға болады. Бірақ кіру ақылы: ересектер 1000 теңге, балалар 700 теңге төлейді. Кешен күн сайын таңғы оннан кешкі онға дейін ашық.
© Sputnik / Абзал Калиев"Бәйтерек" алаңынан "Керуен" сауда ойын-сауық орталығына қарай өтсеңіз, саябақ Нұржол бульварымен жалғасады.
Бәйтерек маңындағы саябақ - Sputnik Қазақстан
4/18
"Бәйтерек" алаңынан "Керуен" сауда ойын-сауық орталығына қарай өтсеңіз, саябақ Нұржол бульварымен жалғасады.
© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтанның сәнін келтіріп тұрған саябақтардың бірі – Есіл өзенінің жағалауындағы Орталық саябақ. Оның тарихы өткен ғасырдан бастау алады. Орталық саябақ қаланың нағыз мақтанышына айналды. Демалыс орнының аумағы 104 гектарды құрайды. Саябақта бүкіл отбасыға арналған ойын-сауық жетерлік.
Орталық саябақ - Sputnik Қазақстан
5/18
Нұр-Сұлтанның сәнін келтіріп тұрған саябақтардың бірі – Есіл өзенінің жағалауындағы Орталық саябақ. Оның тарихы өткен ғасырдан бастау алады. Орталық саябақ қаланың нағыз мақтанышына айналды. Демалыс орнының аумағы 104 гектарды құрайды. Саябақта бүкіл отбасыға арналған ойын-сауық жетерлік.
© Sputnik / Абзал КалиевЕсіл өзенінде теплоходпен серуендеуге де болады.
Саябақ аумағында жағажай да орналасқан. Онда балалар, жасөспірімдер мен ересектер шомылатын үш бассейн, сонымен бірге дәмхана бар. Аква аймаққа екі жүзге тарта адам сыяды.
Орталық саябақ - Sputnik Қазақстан
6/18
Есіл өзенінде теплоходпен серуендеуге де болады.
Саябақ аумағында жағажай да орналасқан. Онда балалар, жасөспірімдер мен ересектер шомылатын үш бассейн, сонымен бірге дәмхана бар. Аква аймаққа екі жүзге тарта адам сыяды.
© Sputnik / Абзал КалиевАстаналықтардың тағы бір сүйікті орны – сол жағалаудағы "Жетісу" саябағы. Бұрын бұл көрікті мекен "Арай" деп аталды. Жаңа атауға елорданың 20 жылдық мерейтойынан кейін ие болды. Алматы облысы бас қалаға тарту жасап, саябақты жаңартты. Мұнда Алматы облысының көрнекті орындарының бәрі дерлік көрініс тапты деуге болады. Саябақтың кіреберісінде Жетісуды бейнелейтін жеті арка, одан әрі субұрқақтары бар басты аллея орналасқан. Балаларға арналған ойын алаңдары, белсенді демалысты жақсы көретіндер үшін 1200 метрлік велосипед жолы да бар.
Жетісу саябағы  - Sputnik Қазақстан
7/18
Астаналықтардың тағы бір сүйікті орны – сол жағалаудағы "Жетісу" саябағы. Бұрын бұл көрікті мекен "Арай" деп аталды. Жаңа атауға елорданың 20 жылдық мерейтойынан кейін ие болды. Алматы облысы бас қалаға тарту жасап, саябақты жаңартты. Мұнда Алматы облысының көрнекті орындарының бәрі дерлік көрініс тапты деуге болады. Саябақтың кіреберісінде Жетісуды бейнелейтін жеті арка, одан әрі субұрқақтары бар басты аллея орналасқан. Балаларға арналған ойын алаңдары, белсенді демалысты жақсы көретіндер үшін 1200 метрлік велосипед жолы да бар.
© Sputnik / Абзал КалиевАйтпақшы, Шарын шатқалы елордада да бар. Дәл осы "Жетісу" саябағында оның үлгісі орналасқан. Шатқал алдында суретке түсіп, тынығуға болады.
Жетісу саябағы - Sputnik Қазақстан
8/18
Айтпақшы, Шарын шатқалы елордада да бар. Дәл осы "Жетісу" саябағында оның үлгісі орналасқан. Шатқал алдында суретке түсіп, тынығуға болады.
© Sputnik / Абзал КалиевСаябақта Балқаш көліне құйып жатқан жасанды Іле өзені өтеді. Толықтай жаңарған демалыс орны Алматы облысының көрікті жерлерін көзбен көргендей әсер береді. "Жетісу" саябағын жаңғыртуға 3,05 миллиард теңге жұмсалды. Жалпы аумағы 15 гектарды құрайды.
Жетісу саябағы - Sputnik Қазақстан
9/18
Саябақта Балқаш көліне құйып жатқан жасанды Іле өзені өтеді. Толықтай жаңарған демалыс орны Алматы облысының көрікті жерлерін көзбен көргендей әсер береді. "Жетісу" саябағын жаңғыртуға 3,05 миллиард теңге жұмсалды. Жалпы аумағы 15 гектарды құрайды.
© Sputnik / Абзал КалиевЕлордадағы тағы бір демалыс орындарының бірі – "Қазақстан – Корея достық бағы". Саябақ екі ел достығының символы ретінде 2017 жылы ашылды. Көрікті жер сол жағалауда Жауқазын мен Арай көшелерінің қиылысында орналасқан, "Жетісу" саябағымен шектеседі.
Қазақстан – Корея достық бағы - Sputnik Қазақстан
10/18
Елордадағы тағы бір демалыс орындарының бірі – "Қазақстан – Корея достық бағы". Саябақ екі ел достығының символы ретінде 2017 жылы ашылды. Көрікті жер сол жағалауда Жауқазын мен Арай көшелерінің қиылысында орналасқан, "Жетісу" саябағымен шектеседі.
© Sputnik / Абзал КалиевБақтың басты атрибуты – "Достық қоңырауы". Кореяда үлкен қоңыраудың соғылуы жаңа жылдың келгенін білдіреді. Саябаққа келгендер айнадай тоған, гүлзар, корей халқының дәстүрлі сәулетін тамашалай алады. Сондай-ақ, корей орманы бейнеленген орман шаруашылығы бағын көруге болады. Корея үкіметі бақ құрылысына 1,7 миллион доллар инвестициялаған.
Қазақстан – Корея достық бағы - Sputnik Қазақстан
11/18
Бақтың басты атрибуты – "Достық қоңырауы". Кореяда үлкен қоңыраудың соғылуы жаңа жылдың келгенін білдіреді. Саябаққа келгендер айнадай тоған, гүлзар, корей халқының дәстүрлі сәулетін тамашалай алады. Сондай-ақ, корей орманы бейнеленген орман шаруашылығы бағын көруге болады. Корея үкіметі бақ құрылысына 1,7 миллион доллар инвестициялаған.
© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтанда айналаны шолу дөңгелегі де бар. Бұл да көпшілік жиі баратын орынға айналды. Елорданы жоғарыдан тамашалағысы келетіндер осы жерге жиналады. Шолу дөңгелегі 2017 жылы шілде айында елорда күніне тарту етілді. Биіктігі – 65 метр, ал салмағы – 270 тонна. Аттракционның 36 кабинасы бар.
Шолу дөңгелегі  - Sputnik Қазақстан
12/18
Нұр-Сұлтанда айналаны шолу дөңгелегі де бар. Бұл да көпшілік жиі баратын орынға айналды. Елорданы жоғарыдан тамашалағысы келетіндер осы жерге жиналады. Шолу дөңгелегі 2017 жылы шілде айында елорда күніне тарту етілді. Биіктігі – 65 метр, ал салмағы – 270 тонна. Аттракционның 36 кабинасы бар.
© Sputnik / Владислав ВодневЖұмыс күндері 10.00-ден 20.00-ге дейін істейді. Касса 19.00-ге дейін ашық.
Ересектер үшін билет құны – 1200 теңге, 13 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға 1000 теңге, 3 жастан 12 жасқа дейінгілерге – 900 теңге.
Шолу дөңгелегі - Sputnik Қазақстан
13/18
Жұмыс күндері 10.00-ден 20.00-ге дейін істейді. Касса 19.00-ге дейін ашық.
Ересектер үшін билет құны – 1200 теңге, 13 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға 1000 теңге, 3 жастан 12 жасқа дейінгілерге – 900 теңге.
© Sputnik / Абзал КалиевӘбу-Даби Плаза маңындағы Желілік саябақ та тұрғындар мен қонақтардың жайлы демалысына арналған. Аумағы11 гектардан асады. Саябақта балалар ойын алаңы, скейт-алаңы, спорттық тренажерлер аймағы, жаяу жүргіншілер жолы бар. Әбу Даби плаза кешенінен басталатын бұл саябақ Ботаникалық бақпен қосылады деген жоспар бар.
Әбу-Даби Плаза кешені маңындағы Желілік саябақ - Sputnik Қазақстан
14/18
Әбу-Даби Плаза маңындағы Желілік саябақ та тұрғындар мен қонақтардың жайлы демалысына арналған. Аумағы11 гектардан асады. Саябақта балалар ойын алаңы, скейт-алаңы, спорттық тренажерлер аймағы, жаяу жүргіншілер жолы бар. Әбу Даби плаза кешенінен басталатын бұл саябақ Ботаникалық бақпен қосылады деген жоспар бар.
© Sputnik / Абзал КалиевҒашықтар саябағы "Ханшатырға" қарама-қарсы орналасқан. Бұл жерде ғашықтарға арналған әдемі ескерткіш бар. Бозбала мен бойжеткеннің мүсіндік композициясы "Бақытым менің" деп аталады. Саябақ 2005 жылы ашылды.
Ғашықтар саябағы - Sputnik Қазақстан
15/18
Ғашықтар саябағы "Ханшатырға" қарама-қарсы орналасқан. Бұл жерде ғашықтарға арналған әдемі ескерткіш бар. Бозбала мен бойжеткеннің мүсіндік композициясы "Бақытым менің" деп аталады. Саябақ 2005 жылы ашылды.
© Sputnik / Абзал Калиев"Ханшатырдан" шықсаңыз, жерасты өткелі арқылы саябаққа өтіп, көрікті мекенде достармен кездесіп, кешті көңілді өткізуге болады
Елорда көрінісі, Ғашықтар саябағы - Sputnik Қазақстан
16/18
"Ханшатырдан" шықсаңыз, жерасты өткелі арқылы саябаққа өтіп, көрікті мекенде достармен кездесіп, кешті көңілді өткізуге болады
© Sputnik / Абзал КалиевЭКСПО саябағы көрме аумағында орын тепкен. Бұл жердегі ерекше декорациялар мен қала көрінісі көз қуантады. Саябақта түрлі түске боялатын субұрқақ бар. Балалардың көңілін аулайтын орындар да жоқ емес.
ЭКСПО саябағы - Sputnik Қазақстан
17/18
ЭКСПО саябағы көрме аумағында орын тепкен. Бұл жердегі ерекше декорациялар мен қала көрінісі көз қуантады. Саябақта түрлі түске боялатын субұрқақ бар. Балалардың көңілін аулайтын орындар да жоқ емес.
© Sputnik / Абзал КалиевЭКСПО саябағы да халықтың сүйікті мекеніне айналып келеді.
ЭКСПО саябағы  - Sputnik Қазақстан
18/18
ЭКСПО саябағы да халықтың сүйікті мекеніне айналып келеді.
Жаңалықтар
0