Спорт

Токио Олимпиадасы: Сәкен Бибосынов жартылай финалда жеңіліп қалды

Қазақ боксшысы ауыр соққыны өткізіп алып, нокдаунға түсіп қалды. Бірақ қарсыластың екпінін баса білді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қоңқабаев Олимпиада финалына шыға алмады
Жартылай финалда Бибосынов ұлыбританиялық Галаль Яфаймен бокстасты. Бірінші раундта қарсыласы бірден шабуылға көшіп, қазақстандық боксшыға қысым жасады. Бибосынов ауыр соққыны өткізіп алып, нокдаунға түсіп қалды. Бірақ қарсыластың екпінін баса білді. Сериялық соққылар да жасады. Бірақ бес төрешінің бәрі Яфайға жоғары ұпай берді.  

Екінші раундта боксшылар ашық бокстасты. Бибосыновтың басымдығы анық байқалды. Бірақ бес төрешінің үшеуі ғана қазақ боксшысының өнерін жоғары бағалады. Үшінші раунд та өте тартысты өтті. Төрешілердің шешімімен Галаль Яфай финалға шықты. Ал Бибосынов қола медальды қанағат тұтты.  

Айта кетері, Токио Олимпиадасында екі боксшымыз ғана жартылай финалға жетті. Кеше аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торрестен жеңіліп, қола медаль алды. Оның қарсыласы финалда өзбек боксшысы Баһадүр Жалоловпен қолғап түйістіреді.