Спорт

Қоңқабаев Олимпиада финалына шыға алмады

© REUTERS / LUIS ROBAYOКамшыбек Кункабаев на Олимпиаде
Камшыбек Кункабаев на Олимпиаде - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
Токио Олимпиадасында бір қазақстандық боксшы жарыс жолынан шықпай келеді. Кеше Сәкен Бибосынов испаниялық Эскобар Маскунаноны жеңіп, жартылай финалға шықты

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпидасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Жартылай финалда жерлесіміз америкалық боксшы Ричард Торреспен кездесті. Бас кезінде Қоңқабаев қашып бокстасты. Жойқын соққыларын шебер орындай білді. Қарсыласы да қарап қалған жоқ. Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі америкалық боксшыға жоғары ұпай берді. Ал екінші раундтың соңында Қоңқабаев нокдаунға түсіп қалды.

Үшінші раундта екеуі ашық бокстасты. Бірақ қазақстандық спортшы ештеңе өзгерте алмады. Ауыр жарақат алып қалды. Содан дәрігер жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады. Осылайша Қоңқабаев қола жүлдені қанағат тұтты. 

Айта кетері, алғашқы жекпе-жекте Қоңқабаев мысырлық Есри Мостафа Резкты 5:0 есебімен жеңген болатын. Одан кейін ширек финалда ресейлік боксшы Иван Верясовтан басым түсіп, жартылай финалға шықты. 

Токио Олимпиадасында бір қазақстандық боксшы жарыс жолынан шықпай келеді. Кеше Сәкен Бибосынов (52 келі) испаниялық Эскобар Маскунаноны жеңіп, жартылай финалға шықты.

Жаңалықтар
0