Денсаулық

Коронавирустан емдейтін гүл табылды

Өсімдіктің құрамында коронавирус жұқтырған науқастардағы цитокинді штормды, яғни иммунды жүйенің түбегейлі жойылуын бұғаттайтын зат бар
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Ғалымдар Nigella sativa гүлінде пайдалы зат бар екенін анықтады, деп жазды Clinical and Experimental Pharmacology and Physiology журналы.

Бұл өсімдік Солтүстік Африка мен Батыс Азияда өседі.

Көк шай коронавирустан қорғай ала ма – ғалымдар жауабын айтты
Нигелланың құрамында бар тимохинон деп аталатын зат коронавирустың S-ақуызымен байланысып, өкпе инфекциясының асқынуына кедергі бола алады. Бұл зат сондай-ақ ауыр жағдайдағы науқастарда туындайтын цитокинді штормды да бұғаттай алады.

Сонымен қатар тимохинон гипертония, холестериннің жоғары болуы және қант диабетін емдеу кезінде көмектеседі. Сондай-ақ алтын түстес стафилококты жоюда да тиімді екенін көрсетті.

Аллергиялық ринит және синусит, экзема және остеоартриті бар адамдарға да бұл өсімдіктің тигізер пайдасы мол.

Австралиялық ғалымдар кейбір халық Nigella sativa гүлін қабыну мен инфекцияны қоса алғанда, түрлі ауруға қарсы дәстүрлі емдік шөп ретінде пайдаланғанын анықтады.