Денсаулық

Көк шай коронавирустан қорғай ала ма – ғалымдар жауабын айтты

© Photo : СС0 / Terri CnuddeЧай
Чай - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2021
Жазылу
Көк шайдың құрамында болатын қосынды адам денсаулығына пайдалы

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Суонси университетінің ғалымдары Үндістандағы эпидемиологиялық жағдайға алаңдап, коронавирус кезінде көк шай ағзаға қалай әсер ететінін зерттеді, деп хабарлайды ferra.ru

Оқи отырыңыз: Коронавирустан айыққан соң өкпені қалай қалпына келтіруге болады – иммунолог кеңесі

Үндістанда дәрігер Суреш Моханкумар әріптестерінің қолдауымен ежелгі табиғи шайдың коронавирустық инфекциямен ауыратын науқасқа әсерін анықтау үшін зерттеу жүргізді.

"Біз жасанды интеллект компьютерлік бағдарламаны қолдана отырып, басқа коронавирустарға қарсы белсенді болатын табиғи қосылыстардың базасын қарастырып, сұрыптадық. Осы қорытындылар көк шайдағы қосылыстардың бірі коронавируспен күресе алатынын көрсетті", - деді Моханкумар.

Компьютерлік модель бойынша ең белсенді қосылыс – галлокатехин екені атап өтілді. Ол көк шайдың құрамында болады әрі қол жетімді.

Жаңалықтар
0