Әлем

Саясаттанушы "Солтүстік ағын – 2" төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді

"Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылған соң Еуроодақтың Ресей мен Украина арасындағы делдал рөлін атқаруға құлшынысы басылады деген пікірлер айтылды
Sputnik

"Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғаннан кейін Ресей Украинаны "жазалай" алады, деп жазды америкалық шолушы Джон Рюль National Interest журналына арналған мақаласында.

Мақалада ресейлік газ транзитінің айтарлықтай қысқаруы салдарынан Киев экономикалық шығыннан бөлек, өмірлік мәні бар энергия көзінен де айырылуы мүмкін екені жазылған.

Рюльдің пікірінше, жаңадан қалыптасатын жағдайға байланысты Украина халықаралық кең қолдауға үміт арта алмайды.

"Ресей Украина арқылы өтетін газ транзитін шектеу және маңызды батыс еуропалық әріптестерінің мүддесіне нұқсан келтірмеу арқылы Киевті жазалай алады. Ал Еуроодақтың делдал болуға деген ниеті төмендейді", - деп жазды РИА Новости Рюльдің мақаладағы ойына сілтеме жасап.

Sputnik радиосының эфирінде саясаттанушы Юрий Светов осы көзқарасқа қатысты пікір білдірді.

"Мұнда ақиқат пен жалған аралас. Жалғандығы Ресей "Солтүстік ағын – 2" жобасын экономикалық құрал емес, саяси тұрғыдан ықпал ету құралы ретінде пайдаланады дегені. Яғни Ресей Украинаны жазалауға асығып тұрғандай етіп көрсетілген. Алайда Ресей президенті Владимир Путин "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғаннан кейін де өзара тиімді талаптар бойынша Украина арқылы транзит жалғаса беретінін ашық мәлімдеді", - дейді Юрий Светов.

Алайда ол америкалық шолушының сөзінде шындықтың бар екенін де айтты.

""Солтүстік ағын – 2" жобасы өз ауқымына қарамастан, халықаралық қарым-қатынас мәселесінде әлі де талқыланып келетіні ақиқат. Бұл экономикалық жоба. Алайда оны халықаралық қарым-қатынасты ушықтыру үшін қолданып жатыр. Украина билігінің таусылмайтын наразылығы салдарынан халықаралық қауымдастық бұл елден шаршаған сыңайлы. Украинаға ешкім ештеңе қарыз емес. Елдің өз мүддесі болса, соны талап етуі керек. Сол себепті қазір халықаралық қарым-қатынаста түсінісу процесі жүріп жатыр: Украина Ресеймен келіссөз жүргізіп, "Солтүстік ағын – 2" жобасы іске қосылғаннан кейінгі транзит туралы келісуі керек", - деді Юрий Светов.

Оқи отырыңыз: Байден мен Меркель "Солтүстік ағын" жайында келісті