Фото

Ең тәтті мереке: бүгін халықаралық қарбыз күні – фото

Sputnik

Бүгін әлемдегі ең тәтті мереке – Халықаралық қарбыз күні. Сөздікке сенсек, қарбыз – біржылдық бақша дақылы. Қарбыз қабығының түрлі түсін кездестіруге болады: ақ, жасыл, сары, тор, жолақ, дақ түрінде. Ал ішіндегі мәйегі қызыл, алқызыл, ақ немесе сары түсті де болады.

Қарбыз жидек болып саналады және әлемнің 96 елінде оның 1200-ден астам түрі өседі.

Тарихшылар Оңтүстік Африканы қарбыздың отаны деп атайды. Ежелгі Мысырда адамдардың оны еккені қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер арқылы расталды. Қарбыз дәндерін фараон қабірлеріне де салған. Осылайша Тутанхамон моласынан қарбыз дәндері табылған.

Х ғасырға қарай қарбызды қытайлар да тани бастады. Ол көне Қытайға Жерорта теңізінде жүзген сауда кемелері арқылы жеткен. Қытайлар қарбызды емдік қасиеті жоғары деп бағалаған. Сондықтан болар бүгінде Қытайда өзгелерден әлдеқайда көп көлемде қарбыз егіледі.

Қарбыз өсетін мемлекеттер қатарында Түркия, Иран, Мысыр, Америка елдері, Ресей, Қазақстан мен Өзбекстан да бар.

1 / 15
Ұлттық қарбыз күні деп аталатын бұл мереке АҚШ-тан бастау алған. Америка қарбыз жеу көрсеткіші бойынша басқа елдермен салыстырғанда көш бастап тұр. Жазғы пикник кезінде америкалықтар дастарханға міндетті түрді қарбыз қояды.
2 / 15
Шөлді керемет басатын және құнарлылығы аз жеміс болғандықтан, қарбыз құрметіне жеке бір күн арнау артық емес. Бұл мерекені қашан және кім белгілегені туралы ақпарат болмаса да, ол танымалдылығын жоғалтпай келеді.
3 / 15
Жапонияда қарбыздың адам сенгісіз түрлері өседі. Ғалымдар бұл елде төрт бұрышты, пирамида немесе жүрек пішінді, диаметрі небәрі он сантиметрді құрайтын қарбыз өсіріп шығарды.
4 / 15
Бүгінде қарбыз әлемнің барлық елінде өседі. Олардың қатарында Түркия, Иран, Мысыр, Америка елдері, Ресей, Қазақстан мен Өзбекстан да бар.
5 / 15
Ресей мен Еуропада қарбыз алғаш рет ХІ-ХІІ ғасырда пайда болды (басқа дерек бойынша XIV ғасырда). Ал Америкаға Африка құлдарымен бірге еуропалық басқыншылар әкелген.
6 / 15
Кейбір елде қарбыздан "нардек" деп аталатын тәтті тағам әзірлейді. Яғни ол қарбыз сөлін бал болғанға дейін булау арқылы дайындалады. Сондай-ақ қарбыз қабығынан тосап әзірлеп, қысқа маринад жасайтындар да бар.
7 / 15
Тарихшылар Оңтүстік Африканы қарбыздың отаны деп атайды. Ежелгі Мысырда адамдардың дәл оны еккені қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлермен расталды. Қарбыз дәндерін фараон қабірлеріне де салған. Осылайша Тутанхамон моласынан қарбыз дәндері табылған.
8 / 15
Қарбыз – біржылдық бақша дақылы. Оның қабығының ақ, жасыл, сары, тор, жолақ, дақ түріндегі алуан түр-түсін кездестіруге болады. Ал ішіндегі мәйегі қызыл, алқызыл, ақ немесе сары түсті де болады. Қарбыз жидек болып саналады және әлемнің 96 елінде оның 1200-ден астам түрі өседі.
9 / 15
Қарбыз фараон мазарларының қабырғаларында бейнеленіп, көнемысырлық аңыз-әңгімелерде кездескен. Сонымен қатар көне папирус жазбаларындағы медициналық рецептілерде де қарбыз жайлы айтылған.
10 / 15
Қарбыз тек дәмді ғана емес, сондай-ақ пайдалы жидек болып саналады. 90 процент судан тұратын қарбызда небәрі 6 процент қант бар. Суретте Калифорния губернаторы болған Арнольд Шварцнеггер дұрыс тамақтануды таңдайтынын көрсетіп тұр. Мексика, 2006 жыл.
11 / 15
Қарбыз құрамында А дәрумені, В тобына жататын дәрумендер кешені, С дәрумені мен фолий қышқылы өте көп. Өте қуатты антиоксидант саналатын ликопин де осы жидек құрамында жеткілікті деңгейде.
12 / 15
Қарбыз иммунитетті нығайтумен қатар жүйке жүйесі жұмысын реттеп, қанның қызыл түйіршіктерін түзуге көмектеседі. Сонымен қатар қарбыз мәйегіндегі темір, калий, натрий, фосфор, магний да ағзаға оң әсер етеді.
13 / 15
Қарбыз қан аздығы, жүрек-қантамыр аурулары, бауыр мен несеп шығару жолдары ауруларын емдеуде жиі қолданылады.
14 / 15
Қарбыз шөл басу үшін таптырмас амал. Сондай-ақ оның көңіл-күйді көтеруге де оң әсер ететіні белгілі. Суретте: Қазақстан жеріне қонған Ресей ғарышкері Олег Артемьев қарбыз құшақтап тұр.
15 / 15
Сондықтан бүгінгі Халықаралық қарбыз күнінде осы жидекті тоя жеп алыңыз. Себебі бұл мереке кезінде қарбыз жеу, оның дәнін алысқа түкіру сынды көңілді шаралар ұйымдастыру әдетке айналған.