Бүгін әлемдегі ең тәтті мереке – Халықаралық қарбыз күні. Сөздікке сенсек, қарбыз – біржылдық бақша дақылы. Қарбыз қабығының түрлі түсін кездестіруге болады: ақ, жасыл, сары, тор, жолақ, дақ түрінде. Ал ішіндегі мәйегі қызыл, алқызыл, ақ немесе сары түсті де болады.
Қарбыз жидек болып саналады және әлемнің 96 елінде оның 1200-ден астам түрі өседі.
Тарихшылар Оңтүстік Африканы қарбыздың отаны деп атайды. Ежелгі Мысырда адамдардың оны еккені қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер арқылы расталды. Қарбыз дәндерін фараон қабірлеріне де салған. Осылайша Тутанхамон моласынан қарбыз дәндері табылған.
Х ғасырға қарай қарбызды қытайлар да тани бастады. Ол көне Қытайға Жерорта теңізінде жүзген сауда кемелері арқылы жеткен. Қытайлар қарбызды емдік қасиеті жоғары деп бағалаған. Сондықтан болар бүгінде Қытайда өзгелерден әлдеқайда көп көлемде қарбыз егіледі.
Қарбыз өсетін мемлекеттер қатарында Түркия, Иран, Мысыр, Америка елдері, Ресей, Қазақстан мен Өзбекстан да бар.