Әлем

Ыстықкөлде жоғалған қазақстандықтың денесі табылды

Ата-анасы Варвара Конопасевичті соңғы рет тау өзені арқылы өтетін ағаш көпірде көрген болып шықты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қырғызстанның Ыстықкөл курортында із-түссіз жоғалып кеткен 29 жастағы қазақстандық туристің мәйіті табылды, деп хабарлайды 24.kg порталы.

Ресми мәліметке сәйкес, 29 жастағы Варвара Конопасевич отбасымен бірге Ыстықкөлге демалуға барған. 15 шілде күні олар Қаракөл-Алакөл жайлауында тоқтап, шатыр тіккен. Кешкі сағат 18:00-дің кезінде Варвара фотоға түсемін деп, әкесінен ұялы телефон сұраған. Ал өзгелер отын жинауға шықты.

Олар кетіп бара жатқанда Варвара тау өзені арқылы өтетін ескі ағаш көпірдің жанында жүрді. Ал ата-анасы қайтып келгенде таба алмады. Осылайша бірден полиция мен құтқарушыларға хабар берген.

Варвараны 21 шілдеге дейін іздеген. Құтқарушылар 20 шақырым жерді қарап шықты. Бірақ таба алмады.
1 тамыз күні әйелдің өлі денесі шатқалда табылды. Өлімнің мән-жайы әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз:Селфи жасамақшы болған: найзағай түскен 11 адам ажал құшты