НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Қырғызстанның Ыстықкөл курортында із-түссіз жоғалып кеткен 29 жастағы қазақстандық туристің мәйіті табылды, деп хабарлайды 24.kg порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, 29 жастағы Варвара Конопасевич отбасымен бірге Ыстықкөлге демалуға барған. 15 шілде күні олар Қаракөл-Алакөл жайлауында тоқтап, шатыр тіккен. Кешкі сағат 18:00-дің кезінде Варвара фотоға түсемін деп, әкесінен ұялы телефон сұраған. Ал өзгелер отын жинауға шықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Олар кетіп бара жатқанда Варвара тау өзені арқылы өтетін ескі ағаш көпірдің жанында жүрді. Ал ата-анасы қайтып келгенде таба алмады. Осылайша бірден полиция мен құтқарушыларға хабар берген.
Варвараны 21 шілдеге дейін іздеген. Құтқарушылар 20 шақырым жерді қарап шықты. Бірақ таба алмады.
1 тамыз күні әйелдің өлі денесі шатқалда табылды. Өлімнің мән-жайы әзірге белгісіз.
Оқи отырыңыз:Селфи жасамақшы болған: найзағай түскен 11 адам ажал құшты