НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Елордада міндетті вакциналауға қарсылық білдірген тұрғындар митингке шықты. Әлеуметтік желіде қоршауға алынған әкімдік ғимаратының суреті тарады.
Қоршалған әкімдік түсірілген сурет Telegram-да жарияланды.
Әкімдік ғимаратынан бөлек Кенесары хан ескерткішінің маңы да қоршалған.
Сондай-ақ әлеуметтік желіде әкімдік алдындағы алаңға келген бірен-саран адамды полиция ұстап жатыр деген ақпарат тарады.
Әзірге елордалық әкімдік пен полиция департаментінің өкілдері осы жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.
Оқи отырыңыз: Министр көпбалалы аналар митингісіне неге шықпайтынын айтты