Әлем

Түркия мен Әзербайжан түркі армиясын құрмақ

Әзербайжанда жүрген Түркия парламентінің спикері біріккен армия құру туралы келіссөз басталғанын мәлімдеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Түркия парламентінің (Ұлы ұлттық жиналысы) басшысы Мұстафа Шентоп Әзербайжанмен біріккен армия құру туралы келіссөз жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Әзербайжан.

"Біздің идея – бір ұлт, екі мемлекет. Әрқашан солай болады. Осыған байланысты көптеген келіссөз бен уағдаластықтар жүргізілді", - деді Шентоп Гянджада өткен баспасөз мәслихатында.

Уағдаластық аясында екі елдің әскери оқу-жаттығулары да өткізілуде.

Тағы оқыңыз: Түркі елдерінің "Тұран армиясы" құрыла ма – қорғаныс министрлігі жауап берді

Сейсенбі күні Бакуде Әзербайжан, Түркия және Пәкістан парламенті басшылары Сахиба Гафарова, Мұстафа Шентоп және Асад Кайсердің үшжақты кездесуі өтті. Жиын қорытындысы бойынша парламент басшылары Баку декларациясына қол қойды.