Спорт

Боксшы Серік Теміржанов екінші жекпе-жекте ұтылды

Қорытынды есеп – 0:5. Осылайша жерлес боксшы Токио Олимпиадасындағы жарыс жолын аяқтауға мәжбүр болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында өнер көрсетіп жүрген боксшы Серік Теміржанов екінші жекпе-жекте ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Екінші айналымда Теміржанов америкалық боксшы Дюк Раганмен кездесті. Бірінші раунд қарсыластың пайдасына шешілді. Ал екінші раундта екі төреші ғана қазақстандық боксшыға жоғары ұпай берді. Үшіншіде Теміржанов тағы есе жіберіп қойды. Қорытынды есеп – 0:5. Осылайша, Серік Теміржанов Токио Олимпиадасындағы жарыс жолын аяқтап отыр.

Оған дейін Қазақстанның әйелдер командасы атынан Токио Олимпиадасына барған жалғыз боксшы Надежда Рябец (75 келі) бірінші жекпе-жекте ұтылған. Күні кеше 69 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыға жол берсе, Василий Левит (91 келі) нокаутпен ұтылды.

Бүгін әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов жеңіліп қалды.

Олимпиадада төрт боксшымыз қалды. Закир Сафиуллин (63 келі) мен Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы кездесуін сәтті өткізген. Сондай-ақ, алдағы уақытта Әбілхан Аманқұл (75 келі) мен Қамшыбек Қоңқабаевтың (91 келіден жоғары) жекпе-жектері бар.

Оқи отырыңыз: Токио Олимпиадасы: жалғыз боксшы қызымыз жеңіліп қалды