06:06 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
138 0 0

Қостанай облысында ерлі-зайыпты арасында туындаған жанжал соңы кісі өлімімен аяқталды. Ер адам әйелін тұншықтырып, одан соң мәйітін құдыққа тастаған

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Сот Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде өз әйелін өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарды.

Қылмыс осы жылдың 6 наурызында Әулиекөл ауданының Лаврентьевка ауылында болған. Ерлі-зайыпты арасында жанжал шығып, ашуға булыққан ер адам әйелін басындағы орамалымен буындырып өлтірді. Содан кейін қылмысын жасыру мақсатында мәйітті қаңсып жатқан құдыққа тастаған.

Сотта ер адам жасаған қылмысын мойындап, ісіне өкініш білдірді. Сонымен қатар оның қылмысы сот сараптамасымен де расталды.

Іс өңірдегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Ер адам Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша кінәлі деп танылды.

Сот қылмыскердің бұған дейін де сотты болғанын есепке алып, қатаң режимдегі колонияда он жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа моральдық шығын келтіргені үшін бес миллион теңге көлемінде өтемақы, 500 мың теңге шамасында өкілдік шығындарды өтеуі керек. 

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тақырып бойынша

Мәйітті құдыққа тастаған: Қостанайда әйелін жұртпен бірге іздеген ер адам күдікке ілінді
Әйелін атып, немересін жаралады: Солтүстік Қазақстандағы трагедияның мән-жайы
Әйелін ұрып-соғатын еркектер татуласу мүмкіндігінен айырылады
18 рет пышақ сұққан: Оралда әйелін өлтірген ер адамға қатысты жаңа дерек анықталды
Қостанайда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді  
Кілт сөздер:
әйел, Қостанай, қылмыс
Загрузка...

Басты тақырып