НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде — Sputnik. Павлодар құтқарушылары Ертіс өзеніне батып кеткен үш адамның денесін судан алып шықты, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
28 шілдеде сағат 04:30-да "112" жедел желісіне Павлодар ауданындағы Кенжекөл ауылында Ертістің шомылуға тыйым салынған аумағында 1999 жылы туған жас жігіт суға кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Бүгін сағат 10:45-те құтқарушылар оның мәйітін оқиға орнынан 30 метр қашықтықтан тапты. Қайғылы оқиға орнында 4 құтқарушы және 2 техника жұмыс істеді.
Сонымен қатар кеше автокөлік көпірінің аумағында оқиға орнынан бес километр қашықтықта 24 шілдеде Ертісте суға кеткен 1999 жылы туған жас жігіттің мәйіті табылды. Оқиға орнында алты адам және екі жүзу құралы жұмыс істеді.
Жыл басынан бері Павлодар облысында 18 адам, соның ішінде бес бала суға кеткен.
Адамдардың суға бату оқиғасы жиілеуіне байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті тыйым салынған аумақта, мас күйде шомылмауға, балаларды қараусыз қалдырмауғы шақырады.