Оқиға

Павлодарда суға кеткен екі адамның мәйіті үш тәуліктен соң табылды

© Photo : ПС ДЧС Павлодарской областиПоиски утонувших
Поиски утонувших - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Жазылу
Өткен демалыста Павлодар облысында үш адам суға кетіп, екі адамның мәйітін іздеу жұмыстары үш тәулікке созылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде — Sputnik. Павлодар құтқарушылары Ертіс өзеніне батып кеткен үш адамның денесін судан алып шықты, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

28 шілдеде сағат 04:30-да "112" жедел желісіне Павлодар ауданындағы Кенжекөл ауылында Ертістің шомылуға тыйым салынған аумағында 1999 жылы туған жас жігіт суға кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Бүгін сағат 10:45-те құтқарушылар оның мәйітін оқиға орнынан 30 метр қашықтықтан тапты. Қайғылы оқиға орнында 4 құтқарушы және 2 техника жұмыс істеді.

Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2021
Оқиға
Әйелін құтқармақ болған: Шығыс Қазақстанда ерлі-зайыпты суға кетті
Күні кеше осыдан үш күн бұрын батып кеткен жасөспірімнің де денесі табылды. 24 шілдеге қараған түні Ертістегі Сычевка ауылында төрт адам мінген қайық аударылып кеткен. Үш адам аман қалғанымен, 2004 жылы туған жасөспірім суға кетті. 27 шілдеде құтқарушылар жеке тұлғаның эхолотының көмегімен оқиға орнынан екі километр қашықтықтағы аумақты сканерлеп, көз жұмған азаматтың денесін судағы ағаш бұталарының түбінен тапты. Жасөспірімнің туыстарымен бірлесіп бұталарды аршып, кешке қарай мәйітті жағаға алып шықты. Іздеу жұмыстарына төрт қызметкер, бір техника және бір жүзетін құрылғы жұмылдырылды.

Сонымен қатар кеше автокөлік көпірінің аумағында оқиға орнынан бес километр қашықтықта 24 шілдеде Ертісте суға кеткен 1999 жылы туған жас жігіттің мәйіті табылды. Оқиға орнында алты адам және екі жүзу құралы жұмыс істеді.

Жыл басынан бері Павлодар облысында 18 адам, соның ішінде бес бала суға кеткен.

Адамдардың суға бату оқиғасы жиілеуіне байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті тыйым салынған аумақта, мас күйде шомылмауға, балаларды қараусыз қалдырмауғы шақырады.

Жаңалықтар
0