Әлем

Он жеті жастағы бойжеткен джинсы шалбар кигені үшін көз жұмды

Үндістанның он жеті жастағы тұрғыны туыстарының қарсылығына қарамастан мектепте оқыған, полицей болуды армандаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Үндістанда киімнен басталған отбасылық жанжал 17 жастағы қыздың өлімімен аяқталды. Туыстары бойжеткенді таяқпен өлімші етіп сабап тастаған.

Өткен аптада Уттар-Прадеш штатының Савреджи Харг ауылында жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды РЕН ТВ. Әйел қызы Неха Пасванды туыстары киімге бола ұрып өлтіргенін мәлімдеді.

"Ол күні бойы ораза ұстады. Кешке қарай джинсы шалбар мен топ киіп, діни рәсімдерді орындады. Атасы мен әжесі оның киіміне қарсы болды. Алайда Неха джинсы киюге арналғанын және оны шешпейтінін айтты", – деді қыздың анасы.

Киімнен басталған дау күш көрсетуге әкеп соқты. Әйелдің айтуынша, қызы есінен танған, осыдан кейін туыстары моторикша шақырып, оны ауруханаға апаратынын мәлімдеген.

"Олар менің бірге баруыма рұқсат етпеді, сол себепті мен өз жақындарыма хабар бердім. Олар қызымды іздеп аудандық ауруханаға барды, бірақ таба алмады",- деп еске алды әйел.

Тағы оқыңыз: Оралда ер адам сүйіктісін кәмелет жасқа толмаған қызының көзінше пышақтап тастады – видео

Ертесіне таңертең көпірден қыздың денесі табылды. Анықталғандай, қаза болған адам Неха.

Полиция кісі өлтіру және айғақтарды жою бойынша қылмыстық іс қозғады. Қыздың атасы, әжесі, тәтесі мен ағасы, бауырлары және көлік жүргізушісі – барлығы он адам күдікке ілінді. Төрт адам – атасы мен әжесі, ағасы мен жүргізуші тұтқындалып, олардан жауап алынды. Қазір тәртіп сақшылары қалған күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Марқұмның анасы туыстары Нехадан жергілікті мектептегі оқуын тастауды талап еткенін, сонымен қатар қазіргі заманғы киімдерді кигені үшін жазғырғанын айтты. Әйелдің сөзінше, қызы полицей болуды армандаған.