НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде - Sputnik. Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы AstraZeneca және "Спутник Лайт" вакциналарына бірлескен зерттеу жүргізуді мақұлдады, деп жазды РИА Новости.
"COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының алдын алуға арналған "гетерологиялық прайм-буст" әдісі бойынша енгізілетін AZD1222 және rAd26-S препараттары комбинациясының қауіпсіздігі мен иммуногенділігін анықтауға арналған І/ІІ кезеңдерінің зерттеуі", - деп жазылған клиникалық зерттеулер жүргізуге арналған рұқсат тізімінде.
Сынаққа 150 адам қатысады. Зерттеу 2022 жылдың 2 наурызында аяқталады деп күтілуде.
Гамалея орталығы, AstraZeneca, Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен "Р-Фарм" компаниясы 2020 жылдың 21 желтоқсанында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойды. Ол құжатта "Спутник V" вакцинасы компоненттерінің бірі мен AstraZeneca компаниясы Оксфорд университетімен бірлесіп әзірлеген AZD1222 вакцинасы компоненттерінің бірін біріктіріп қолдану үшін клиникалық зерттеулер жүргізу аясында ынтымақтастық орнату қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Екпенің әсерін коронавирус симптомынан қалай ажыратуға болады