Денсаулық

Екпенің әсерін коронавирус симптомынан қалай ажыратуға болады

© REUTERS / NIAID-RMLВид на зараженную коронавирусом клетку под микроскопом
Вид на зараженную коронавирусом  клетку под микроскопом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Жазылу
Шаршаңқылық, қалтырау, бас пен бұлшықет ауыруы екпеден кейін бірнеше күн өткен соң басылады, ал коронавирус кезінде бұл симптом күшейе түседі

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде — Sputnik. Лондонның Корольдік колледжінің ғалымдары адамның коронавирус жұқтырғанын немесе вакцинаның жанама әсеріне тап болғанын қалай анықтауға болатынын айтты. Олар ерте пайда болатын коронавирус пен қазір Ұлыбританияда қолданылатын төрт вакцинаның жанама әсерін салыстырды. 

Зерттеуге Pfizer, Moderna, AstraZeneca және Janssen вакциналарын салғызған 15 мыңға жуық адам қатысты, деп жазды РИА Новости. 

Төрт мыңға жуық қатысушы екпе салғызғаннан кейін "коронавирус белгілеріне ұқсас" күйді бастан кешіргенін айтқан. Олардың 2%-і расында да вирус жұқтырғаны белгілі болды. Ал коронавирус белгісіне ұқсайтын симптомдар байқалмаған 11 мың адамның 0,8%-інде ПТР-тест коронавирус жұқтырғанын растады. Демек қалыпты өмірде екпе салғызған 11 мың адамның 88-і инфекция жұқтырғанын білместен, көшеде бейқам жүре берер еді. 

Ғалымдар ерте анықталған коронавирус пен вакциналаудың ортақ симптомы қатарында шаршаңқылық, бас пен бұлшықеттің ауыруы, қалтырауды атады. Бұл симптомдарды вакцина салғызғандардың 76%-і байқаған.

Әдетте екпе салғызғаннан кейін үш күн өткен соң бұл симптомдар бәсеңдейді. Ал коронавирус жұқтырған жағдайда, керісінше, асқына түседі де, жетінші күні шарықтау шегіне жетеді. Инфекция жұқтырғандарда сондай-ақ тамақтың ауыруы күшейіп, түшкіру және дауыс қарлығу байқалады. 

Зерттеушілер бұл уақыт болжамды екенін айтады. Себебі зерттеуге қатысушылардың инфекцияны нақты қай кезде жұқтырғаны белгісіз. Сондай-ақ кейбір адамдарда ауру симптомсыз болған. 

"Дельта" штамм симптомы

Коронавирус жұқтырған науқастарда ауру симптоматикасы өзгергені байқалады. Себебі адамдар иіс сезудің жоғалуына аз шағымданатын болған. Алайда асқазан-ішек жолдары жұмысының бұзылуы, іш ауруы сынды белгілер жиі тіркеліп отыр.

Жаңалықтар
0