Әлем

Ресей ядролық соғыс кезінде қолданылатын ұшақ жасап шығарады

Ұшақтар жердегі және спутниктік инфрақұрылымның көзін жойған жағдайда әскерді басқару және елдегі жоғарғы билік өкілдерін эвакуациялау үшін қолданылады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Воронежде кең фюзеляжды Ил-96-400М әуе кемесінің базасында ядролық соғыс басталған жағдайда әскерді басқаруға арналған ұшақтың құрылысы басталды, деп хабарлады РИА Новости қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі ақпарат көзіне сүйене отырып.

Бесінші буындағы жаңа жойғыш ұшақ таныстырылды – видео
Мұндай ұшақтар жолаушыларға арналған Ил-86 базасында дайындалған және қазір қолданыста тұрған Ил-80 ұшағының орнын басуы керек. Жаңа Ил-96-400М лайнерлерінің ұшу ұзақтығы алдыңғы нұсқамен салыстырғанда екі есе жоғары. Әскерге бас-аяғы осындай екі дана әуедегі басқару пункті пайдалануға беріледі. Жобаға "Звено-ЗС" атауы берілді.

Ұшақтың радиокешені алты мың километр радиустағы құрлықтағы және су астындағы іске қосу қондырғыларына бұйрық жолдауға мүмкіндік береді.

Ұшақтар жердегі және спутниктік инфрақұрылымның көзін жойған жағдайда әскерді басқару және елдегі жоғарғы билік өкілдерін эвакуациялау үшін қолданылады.