НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде — Sputnik. Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз. Солтүстік, шығыс пен орталықта найзағай ойнап, жаңбыр болады. Солтүстік шығыста қатты дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.
Дабылды ескерту
26 шілдеде Алматы облысында аптап ыстық - плюс 35-39 градус. Кей жерлерде өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында солтүстіктен жел соғады, жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбе облысында өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысында - шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жылдамдығы - 15-20 м/с.
Павлодар облысында найзағай, бұршақ, дауыл.
Солтүстік Қазақстан облысында да желдің екпіні - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында күн күркірейді.
Түркістан облысында шаңды дауыл. 40-43 градус ыстық болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада өткінші жаңбыр жауады. Күндіз 24-26 градус, түнде 13-15 градус.
Алматыда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз плюс 36-38 градус, түнде - 22-26 градус.
Шымкентте күндіз 38-40 градус, түнде - плюс 22-24 градус.