Өңірлер

Дүйсенбі күні ауа райы қандай болады

© Sputnik / Владислав ВодневДевочка играет у фонтана в жаркую погоду
Девочка играет у фонтана в жаркую погоду - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.07.2021
Жазылу
Кейбір өңірлерде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Бірнеше аймақта дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде — Sputnik. Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз. Солтүстік, шығыс пен орталықта найзағай ойнап, жаңбыр болады. Солтүстік шығыста қатты дауыл, бұршақ жаууы мүмкін.

Дабылды ескерту

26 шілдеде Алматы облысында аптап ыстық - плюс 35-39 градус. Кей жерлерде өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстіктен жел соғады, жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз сынап бағанасы 35 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтөбе облысында өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысында - шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Қызылорда облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жылдамдығы - 15-20 м/с. 

Павлодар облысында найзағай, бұршақ, дауыл. 

Солтүстік Қазақстан облысында да желдің екпіні - 15-20 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысында күн күркірейді.

Түркістан облысында шаңды дауыл. 40-43 градус ыстық болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада өткінші жаңбыр жауады. Күндіз 24-26 градус, түнде 13-15 градус. 

Алматыда күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз плюс 36-38 градус, түнде - 22-26 градус.

Шымкентте күндіз 38-40 градус, түнде - плюс 22-24 градус.

Жаңалықтар
0