Спорт

Екінші қола медаль: Токио Олимпиадасынан тағы бір жағымды жаңалық жетті

Токио Олимпиадасында ел қоржынына тағы бір медаль түсті. Біріншісін Елдос Сметов ұтып алған болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде — Sputnik. Қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон Токио Олимпиадасында 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль ұтып алды.

Екінші қола медаль: Токио Олимпиадасынан тағы бір жағымды жаңалық жетті

Бірінші түрінен кейін ол төртінші орында болды. Алайда кейін қажетті салмақты көтеріп, үшінші орынға тұрақтады. Барлығы 294 (131+163) келі көтерді.

Ал қытайлық Ли Фабин мен индонезиялық Юли Ираван алтын үшін таласуда.

Еске сала кетсек, сенбі, 24 шілде күні дзюдошы Елдос Сметов ел қоржынына алғашқы медальды салды.

Қазақстан құрамасы 28 спорт түрінде 98 лицензия алған болатын.