НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде — Sputnik. Қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон Токио Олимпиадасында 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль ұтып алды.
© REUTERS / EDGARD GARRIDO Қазақстандық ауыратлет Игорь Сон
Қазақстандық ауыратлет Игорь Сон
© REUTERS / EDGARD GARRIDO
Бірінші түрінен кейін ол төртінші орында болды. Алайда кейін қажетті салмақты көтеріп, үшінші орынға тұрақтады. Барлығы 294 (131+163) келі көтерді.
Ал қытайлық Ли Фабин мен индонезиялық Юли Ираван алтын үшін таласуда.
Еске сала кетсек, сенбі, 24 шілде күні дзюдошы Елдос Сметов ел қоржынына алғашқы медальды салды.
Қазақстан құрамасы 28 спорт түрінде 98 лицензия алған болатын.