Спорт

Токио Олимпиадасы: Зарина Дияс ойынды жалғастырудан бас тартты

Қазақстандық теннисші жарақатына байланысты жарысты жалғастырмайтынын айтып, матчты тоқтатты  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында теннистен жекелеген бәсекелер өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін үш теннисшіміз өнер көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады
Қазақстаннның бірінші ракеткасы Александр Бублик ресейлік Даниил Медведевке қарсы шықты. Бірақ айласын асыра алмады. Бублик екі сетте (4:6, 6:7) ұтылып қалды. Ал Елена Рыбакина өз қарсыласына бірде-бір сет бермеді. Қазақстандық теннисші австралиялық Саманта Стосурды 6:4 және 6:2 есебімен жеңіп кетті.

Одан кейін кортқа Зарина Диас шықты. Оның қарсыласы – әлемнің №11 ракетасы чехиялық Барбора Крейчикова. Ал жерлесіміз WTA рейтингісінде 99-шы орында тұр. Қарсыластың қарқыны қатты болды. Дегенмен Диас жақсы өнер көрсете білді. Бірнеше ұпайға қол жеткізді. Алайда жарты сағаттан кейін жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. Ол кезде есеп 2:5 болып тұрған. Осылайша жеңіс Барбораға берілді.

Айта кетейік, қазақстандық теннисшілер 8 бірдей лицензия алды. Қазақстанның атынан 7 спортшы өнер көрсетіп жүр. Олар - Александр Бублик, Елена Рыбакина, Михаил Кукушкин, Юлия Путинцева, Зарина Диас, Андрей Голубев пен Ярослава Шведова.