НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Петропавлда 3 туысын пышақтап кеткен Алматы қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Almaty.tv.
Еске сала кетейік, 10 наурызда сағат 15.00 шамасында Алматы қаласының тұрғыны 3 туысын пышақтаған. Қаскөйдің қолынан 49 жастағы әйел мен оның 89 жастағы анасы қайтыс болды. Ал оның 10 жастағы қызы мен келіні үйден қашып үлгерген.
"Габдуллин Бекболатқа Қазақстан Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі бойынша 15 жылға соттау және 99-баптың 2-бөлігі 1,2,8-тармақтары бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы негізінде Габдуллинге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деді мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Сергей Викторенко.