Өңірлер

Петропавлда туыстарын өлтірген алматылыққа сот үкімі шықты

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.07.2021
Жазылу
Сот айыпталушы Ғабдуллин Бекболатты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Петропавлда 3 туысын пышақтап кеткен Алматы қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады Almaty.tv.

Солтүстік Қазақстан облысындағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушы Ғабдуллин Бекболатты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, сотталған азамат қайтыс болғандардың туыстарына 14 миллион 800 мың теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге тиіс.

Еске сала кетейік, 10 наурызда сағат 15.00 шамасында Алматы қаласының тұрғыны 3 туысын пышақтаған. Қаскөйдің қолынан 49 жастағы әйел мен оның 89 жастағы анасы қайтыс болды. Ал оның 10 жастағы қызы мен келіні үйден қашып үлгерген.

"Габдуллин Бекболатқа Қазақстан Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі бойынша 15 жылға соттау және 99-баптың 2-бөлігі 1,2,8-тармақтары бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы негізінде Габдуллинге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деді мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Сергей Викторенко.

 

Жаңалықтар
0