Фото

Меккеде пандемия кезіндегі қажылық қалай өтіп жатыр – фото

Sputnik

Осы жылы ислам әлеміндегі қасиетті орынға баратындар саны 60 мыңнан аспайды. Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі дәл осынша квота бөлген. Бұл пандемияға дейінгі қажылық етуші адам санынан 50 есе аз. Пандемия кезіндегі қажылық қалай өтіп жатқанын суреттер топтамасынан көріңіздер.

Сонымен қатар Қағба айналуға ниет еткен мұсылмандардың барлығы коронавирусқа қарсы ведомство мақұлдаған вакцинаны салдыруға тиіс және киелі орынға келуден көп дегенде үш күн бұрын тапсырған ПТР-тесті болуы керек.

Меккенің өзінде де мұсылмандар әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағып жүруге міндетті.

Құлшылық етушілер Сауд Арабиясына өткен аптаның соңынан бастап келе бастады. Осы жылы "қысқартылған" қажылық 17-22 шілде аралығында өтеді.

Осы уақыт ішінде түрлі елден келген мұсылмандар қажылық кезінде міндетті саналатын түрлі жөн-жоралғыны орындайды. Олардың қатарында Қағбаның киелі тасын жеті рет айналу, Арафат тауына шығу, шайтанға тас ақтыру сынды іс-әрекеттер бар.

Қажылық әрбір мұсылман үшін исламдағы бес парыздың бірі болып саналады.

1 / 10
Дәстүрлі киім киген және бетперде таққан құлшылық етушілер Меккедегі Қағба киелі тасының жанына жиналып жатыр. Осы жылы Сауд Арабиясы вакцина салған азаматтарға қысқартылған көлемде қажылықты өтеуге рұқсат етті.
2 / 10
Мұсылмандар Мекке қаласындағы Үлкен мешіттегі Қағба айналасында тәуап орындап жатыр, Сауд Арабиясы.
3 / 10
Меккедегі Қағба айналасында тәуапты орындау кезіндегі әйел адам.
4 / 10
Құлшылық етуші мұсылман қажылық алдында Мина ауданында өзі орналасқан шатыр айналасын тазалап жатыр.
5 / 10
Қажылыққа арналған ақ түсті киім киген мұсылман қажылыққа аттану үшін Джиддадағы король Абдель Азиз атындағы халықаралық әуежайға келді, Сауда Арабиясы.
6 / 10
Меккедегі қажылық кезінде Үлкен мешітте мұсылмандар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып умраны орындап жатыр.
7 / 10
Джиддадағы король Абдель Азиз атындағы халықаралық әуежайда аквариум алдында ер адам селфи түсіріп тұр.
8 / 10
Панемияға дейінгі жылдары Қағба тасының айналасына жиналған жұрт қарасынан бас айналардай болса, осы жылы киелі тасты тек 60 мың мұсылман ғана айналып жүре алады.
9 / 10
Меккеде қажылықты өтер алдында мұсылман ер адамдар дәрет алып, исламдағы бес парыздың біріне дайындалып жатыр.
10 / 10
Меккедегі Үлкен мешітке қарай бет алған мұсылман мен әуеге көтерілген бір топ кептер.