Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Меккеде пандемия кезіндегі қажылық қалай өтіп жатыр – фото

Жазылу
Әлем мұсылмандары пандемия салдарынан екі жыл қатарынан қажылықтан бас тартуға мәжбүр

Осы жылы ислам әлеміндегі қасиетті орынға баратындар саны 60 мыңнан аспайды. Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі дәл осынша квота бөлген. Бұл пандемияға дейінгі қажылық етуші адам санынан 50 есе аз. Пандемия кезіндегі қажылық қалай өтіп жатқанын суреттер топтамасынан көріңіздер.

Сонымен қатар Қағба айналуға ниет еткен мұсылмандардың барлығы коронавирусқа қарсы ведомство мақұлдаған вакцинаны салдыруға тиіс және киелі орынға келуден көп дегенде үш күн бұрын тапсырған ПТР-тесті болуы керек.

Меккенің өзінде де мұсылмандар әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағып жүруге міндетті.

Құлшылық етушілер Сауд Арабиясына өткен аптаның соңынан бастап келе бастады. Осы жылы "қысқартылған" қажылық 17-22 шілде аралығында өтеді.

Осы уақыт ішінде түрлі елден келген мұсылмандар қажылық кезінде міндетті саналатын түрлі жөн-жоралғыны орындайды. Олардың қатарында Қағбаның киелі тасын жеті рет айналу, Арафат тауына шығу, шайтанға тас ақтыру сынды іс-әрекеттер бар.

Қажылық әрбір мұсылман үшін исламдағы бес парыздың бірі болып саналады.

© AFP 2024Дәстүрлі киім киген және бетперде таққан құлшылық етушілер Меккедегі Қағба киелі тасының жанына жиналып жатыр. Осы жылы Сауд Арабиясы вакцина салған азаматтарға қысқартылған көлемде қажылықты өтеуге рұқсат етті.
Саудовская Аравия принимает сокращенный хадж  - Sputnik Қазақстан
1/10
Дәстүрлі киім киген және бетперде таққан құлшылық етушілер Меккедегі Қағба киелі тасының жанына жиналып жатыр. Осы жылы Сауд Арабиясы вакцина салған азаматтарға қысқартылған көлемде қажылықты өтеуге рұқсат етті.
© REUTERS / Ahmed YosriМұсылмандар Мекке қаласындағы Үлкен мешіттегі Қағба айналасында тәуап орындап жатыр, Сауд Арабиясы.
Мусульманские паломники совершают таваф вокруг Каабы в Большой мечети в городе Мекка, Саудовская Аравия - Sputnik Қазақстан
2/10
Мұсылмандар Мекке қаласындағы Үлкен мешіттегі Қағба айналасында тәуап орындап жатыр, Сауд Арабиясы.
© REUTERS / Saudi Ministry of MediaМеккедегі Қағба айналасында тәуапты орындау кезіндегі әйел адам.
Женщина-паломница жестом исполняет таваф вокруг Каабы в Большой мечети, Саудовская Аравия - Sputnik Қазақстан
3/10
Меккедегі Қағба айналасында тәуапты орындау кезіндегі әйел адам.
© REUTERS / Ahmed YosriҚұлшылық етуші мұсылман қажылық алдында Мина ауданында өзі орналасқан шатыр айналасын тазалап жатыр.
Паломник убирается возле своей палатки перед ежегодным паломничеством хадж в городе Мекка, Саудовская Аравия - Sputnik Қазақстан
4/10
Құлшылық етуші мұсылман қажылық алдында Мина ауданында өзі орналасқан шатыр айналасын тазалап жатыр.
© REUTERS / Ahmed Yosri Қажылыққа арналған ақ түсті киім киген мұсылман қажылыққа аттану үшін Джиддадағы король Абдель Азиз атындағы халықаралық әуежайға келді, Сауда Арабиясы.
Мусульманский паломник в белой одежде прибывает в международный аэропорт имени короля Абдель Азиза в преддверии ежегодного паломничества хаджа в Джидде, Саудовская Аравия - Sputnik Қазақстан
5/10
Қажылыққа арналған ақ түсті киім киген мұсылман қажылыққа аттану үшін Джиддадағы король Абдель Азиз атындағы халықаралық әуежайға келді, Сауда Арабиясы.
© REUTERS / Saudi Ministry of MediaМеккедегі қажылық кезінде Үлкен мешітте мұсылмандар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып умраны орындап жатыр.
Паломники на расстоянии во время Хаджа в Мекке  - Sputnik Қазақстан
6/10
Меккедегі қажылық кезінде Үлкен мешітте мұсылмандар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып умраны орындап жатыр.
© REUTERS / Ahmed YosriДжиддадағы король Абдель Азиз атындағы халықаралық әуежайда аквариум алдында ер адам селфи түсіріп тұр.
Паломник во врем фотографирования к аквариума в аэропорту в Джидде - Sputnik Қазақстан
7/10
Джиддадағы король Абдель Азиз атындағы халықаралық әуежайда аквариум алдында ер адам селфи түсіріп тұр.
© REUTERS / Saudi Ministry of MediaПанемияға дейінгі жылдары Қағба тасының айналасына жиналған жұрт қарасынан бас айналардай болса, осы жылы киелі тасты тек 60 мың мұсылман ғана айналып жүре алады.
Паломники на расстоянии во время Хаджа в Мекке  - Sputnik Қазақстан
8/10
Панемияға дейінгі жылдары Қағба тасының айналасына жиналған жұрт қарасынан бас айналардай болса, осы жылы киелі тасты тек 60 мың мұсылман ғана айналып жүре алады.
© REUTERS / Ahmed YosriМеккеде қажылықты өтер алдында мұсылман ер адамдар дәрет алып, исламдағы бес парыздың біріне дайындалып жатыр.
Паломники во время умывания в Мекке  - Sputnik Қазақстан
9/10
Меккеде қажылықты өтер алдында мұсылман ер адамдар дәрет алып, исламдағы бес парыздың біріне дайындалып жатыр.
© REUTERS / Saudi Ministry of MediaМеккедегі Үлкен мешітке қарай бет алған мұсылман мен әуеге көтерілген бір топ кептер.
Мужчина среди голубей в Мекке  - Sputnik Қазақстан
10/10
Меккедегі Үлкен мешітке қарай бет алған мұсылман мен әуеге көтерілген бір топ кептер.
Жаңалықтар
0