Фото

Сәтті кадр: Алматыда қай жерде суретке түсуге болатынын білесіз бе – фото

Sputnik

Әрбір алматылық қалаға келген қонаққа қала ортасында тұрған бөлек әлем – ботаникалық баққа, тауларға қол созым жерде тұрған Тұңғыш президент паркіне барып, ескі әрі жаңа ғимараттарды көруге кеңес береді.

Күнделікті өмірді әлеуметтік желі арқылы көрсететін уақытта фотоға түсуге болатын көрікті жерлерді іздейтін адам да көп. Мың бояулы қаланың әр бұрышында ерекше фото жасауға болады. Осындай орындар туралы Sputnik Қазақстан материалынан біле аласыз. 

1 / 18
1932 жылы құрылған Ботаникалық бақ 2019 жылы жөндеуден өтті. Бір жылға жалғасқан жаңарту жұмыстарынан кейін бақ іші жаңаша түрге енді. Жол жөнделіп, демалуға арналған орындықтар қойылды. Тіпті шағын көлшік пайда болды.
2 / 18
Жалпы аумағы 103,6 гектар аумақтағы бақта фотоға түсуге болатын жер жетерлік. Қаз-қатар тұрған ағаштар да, арнайы фотоға түсу үшін жасалған арка да сән беріп тұр. Тек аздап қиялды қосса жеткілікті.
3 / 18
Қала тұрғындары мен қонақтары саябақ ішіндегі орындықтарда да әдемі фото түсіре алады. Оған жайқалған ағаштар реңк береді
4 / 18
Көктем шыға демалыс сайын қала тұрғындары дәл осы баққа келуге асығады. Себебі мұнда таза ауада қаланың дәл ортасында отырып күйбең тіршіліктен тынығуға мүмкіндік бар
5 / 18
Қала тұрғындары үшін тағы бір ерекше жер – тұңғыш президент паркі. Қаланың жоғары жағында орналасқан саябақтан тау ерекше көрінеді.
6 / 18
Тұңғыш президент паркінің күз кезіндегі келбеті
7 / 18
Әл-Фараби мен Науаи көшелерінің қиылысында орналасқан бұл саябақ 2010 жылы ашылған. Бұл жерде жыл сайын алма көрмесі мен спорттан жарыстар өтеді. Ал жастар "мұнара" маңында фотосессия жасап, Lovestory түсіреді
8 / 18
Қала тұрғындары арасында танымал жердің бірі – Нұрлы тау ғимараты. Әл-Фараби көшесінде орналасқан бұл бизнес орталық қабырғасының әйнектен жасалғанымен ерекшеленеді
9 / 18
Қазақ-Британ техникалық университеті. 1957 жылы құрылысы аяқталған бұл ғимарат бір кездері ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің Үкімет үйі болды. Төле би көшесінде орналасқан ғимарат әлі күнге дейін келбеті мен маңызын жоғалтпаған
10 / 18
Ескі мен жаңа үйлесім тапқан бұл ғимарат маңында қала тұрғындары фотоға түскенді ұнатады.
11 / 18
Алматылық бойжеткен Қазақ-Британ техникалық университеті алдындағы субұрқақта фотоға түсіп жүр.
12 / 18
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимары алыстан мен мұндалап тұр.
13 / 18
Бойжеткен Абай атындағы опера театры маңында фотоға түсіп тұр.
14 / 18
Бойжеткен Абай атындағы опера театры маңында фотоға түсіп тұр.
15 / 18
Алматыдағы ерекше көшелердің біріне композитор Мұқан Төлебаевтың аты берілген. Мұнда бір кездері Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов секілді жазушылар мен Дінмұхамед Қонаев тұрған.
16 / 18
Орталық гүлзардағы субұрқақ
17 / 18
Астана алаңына қарама-қарсы орналасқан орталық гүлзар ішінде жастар махаббаттың белгісі ретінде құлыпты бекітіп, кілтін суға тастайды. Дәл осы жерде субұрқақ жанында фотоға түсуге мүмкіндік бар.
18 / 18
Қалада адам көп жиналатын жердің бірі – Арбат. Мұнда қаланың қызу тіршілігін көрсетіп, ары-бері өткен адамдар мен жұмыстан кейін демалып отырғандар арасында фотоға түсуге болады.