Фото

Еуропадағы табиғи апат: жойқын су тасқынының салдары – фото

Sputnik

Климаттық астан-кестеннен бүкіл Еуропа зардап шегіп отыр. Мұнда жаздың дәл ортасында нөсер жауын жауып, ол су тасқынына алып келді. Соның салдарынан Нидерланды, Люксембург, Германия мен Бельгия қалалары лай судың астында қалды.

Әсіресе Германияның батысында көп адам көз жұмып, қаншама адам әлі іздестіріліп жатыр. Инфрақұрылымға үлкен залал келіп, жолдар шайылып, үйлер қирап қалды. Рейнланд-Пфальц пен Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріндегі ахуал төтенше жағдайға жетіп, халық саны 700 адамды құрайтын Шульд аулы толығымен жойылды. Бұл ел тарихында болған ең ірі су тасқынының бірі.

Германияның қорғаныс министрлігі осы жағдайға байланысты әскери апат режимін енгізді. Полиция өз жақындарының жоғалып кеткені туралы хабарлайтын жедел желіні іске қосып, оларды іздестіру үшін пайдасы тиетін видео мен суреттер жолдауды сұрады.

Бельгия мен Нидерландыдағы қирандылар да ауқымды болып отыр. Нидерланды, Франция мен Швейцарияның кей аудандарындағы су деңгейі әлі де көтерілуде.

Табиғи апат туралы толығырақ суреттер топтамасынан көріңіз.

 

1 / 20
Эрфтштадт-Блессемдегі су тасқынынан кейінгі алаң, Германия.
2 / 20
Ер адам әйелге Спа қаласындағы су басқан көшеден өтуге көмектесіп жатыр, Бельгия.
3 / 20
Цюрих әуежайының жанында ас ішетін орын ретінде қолданылған Ми-8 тікұшағы дауылдан кейін қирап қалды.
4 / 20
Франкфурттегі Майн өзенінің ағысы, Германия.
5 / 20
Херлендегі нөсер жауыннан кейін лай басқан аулада тұрған тұрғындар, Нидерланды.
6 / 20
Шульдтегі нөсер жауын-шашыннан кейінгі су тасқынынан зардап шеккен аумақтың жалпы көрінісі, Германия.
7 / 20
Бельгиядағы Спа қаласының су басқан көшесі.
8 / 20
Меридің су басқан көшесіндегі зақымданған машиналар, Бельгия.
9 / 20
Хагендегі нөсер жауыннан кейін адамдар су шайған көшемен жүр, Германия.
10 / 20
Су басқан көшемен жүріп келе жатқан автомобиль, Германия.
11 / 20
Цюрихтегі нөсер жауын кезінде үстіне ағаш құлаған жүк көлігінің жанында тұрған әйел, Швейцария.
12 / 20
Хагендегі нөсер жауыннан кейін су басқан көше, Германия.
13 / 20
Бад-Нойенар-Арвайлердегі нөсер жауыннан кейін жиналып қалған қоқыс, Германия.
14 / 20
Қирандыларға қарап тұрған жұп, Бад-Нойенар-Арвайлер қаласы, Германия.
15 / 20
Шульд ауылының су басқан және ағаш бұталары шашылып жатқан көшесінде итті құшақтаған ер адам, Германия.
16 / 20
Германияның батысындағы соңы су тасқынына ұласқан нөсер жауын салдары.
17 / 20
Бад-Нойенар-Арвайлерде су басқан ауданда су кешіп келе жатқан ер адам, Германия.
18 / 20
Шульдтегі су тасқыны салдарынан пайда болған қирандылар, Батыс Германия.
19 / 20
Екі ер адам табиғат апатының салдарынан қалыптасқан "жасанды жыра" жанында тұр, батыс Германия.
20 / 20
Германияның батыс аумағында су тасқынынан зардап шеккен үйлер.