Қоғам

Қазақстанда "жасыл" аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ

Өткен тәулікте 5 493 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны хабарланып отыр. Пандемия басталғалы жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 488 905
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Қазіргі уақытта "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. Ал "сары" аймақта: Алматы, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Өткен тәулікте 5 493 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1419,
  • Алматы қаласы - 884,
  • Шымкент қаласы - 370,
  • Ақмола облысы - 176,
  • Ақтөбе облысы - 179,
  • Алматы облысы - 162,
  • Атырау облысы - 277,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 81,
  • Жамбыл облысы - 57,
  • Батыс Қазақстан облысы - 266,
  • Қарағанды облысы - 735,
  • Қостанай облысы - 124,
  • Қызылорда облысы - 140,
  • Маңғыстау облысы - 210,
  • Павлодар облысы - 175,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 95,
  • Түркістан облысы - 143.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 488 905.