НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Қазіргі уақытта "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. Ал "сары" аймақта: Алматы, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
Өткен тәулікте 5 493 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 1419,
- Алматы қаласы - 884,
- Шымкент қаласы - 370,
- Ақмола облысы - 176,
- Ақтөбе облысы - 179,
- Алматы облысы - 162,
- Атырау облысы - 277,
- Шығыс Қазақстан облысы - 81,
- Жамбыл облысы - 57,
- Батыс Қазақстан облысы - 266,
- Қарағанды облысы - 735,
- Қостанай облысы - 124,
- Қызылорда облысы - 140,
- Маңғыстау облысы - 210,
- Павлодар облысы - 175,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 95,
- Түркістан облысы - 143.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 488 905.