НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Герпес, өткір респираторлық және вирустық инфекция, тонзиллит, тамақ ауырса, сондай-ақ қан қысымы жоғары немесе төмен болса тіс дәрігеріне баруды кейінге қалдырған жөн, деп хабарлайды РИА Новости.
"Ұшық өршіген кезде ауырған жерге тиіспеген жөн. Тіс дәрігеріне барған кезде бұл мүмкін емес. Ал ол зақымдалған кезде инфекция басқа жерге жайылуы мүмкін. Сонымен қатар дәрігерге де инфекция жұқтыру қаупі бар", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ өткір респираторлық вирустық инфекциялардың белгілері байқалған жағдайда тіс дәрігеріне баруды кейінге қалдыру керек. Себебі жоғары температура мен мұрын бітелуі кезінде тіс емудеуге шыдау қиындап кетеді.
"Егер науқаста тонзиллит немесе ангина болса, тісті емдеу жағдайды одан сайын нашарлатуы мүмкін. Тіс дәрігеріне барған кезде ауызды ашып ұзақ отыру қажет. Осылайша шырышты қабық кеуіп кетеді, жергілікті иммунитет жоқ. Салдарынан науқастың жағдайы нашарлауы мүмкін", - деп атап өтті Химкин тіс емханасының бас дәрігері Татьяна Борисова.
Оқи отырыңыз: Дәрігер кімге таңқурай жеуге болмайтынын айтты
Жоғары немесе төмен қан қысымы бар адамдарға ауруы қозған уақытта тіс дәрігеріне барудан бас тартуға кеңес беріледі. Егер адам жоғары қан қысымы бола тұра емдеуді бастаса, стресс аясында гипертониялық криз болуы мүмкін. Жоғары қан қысымы қан кетумен, инфарктпен, инсультпен қауіпті. Төмен қан қысымы, естен тану, коллапс (қан қысымның күрт төмендеуімен естен тану), инфаркт пен инсультті тудырады, деп хабарлады баспасөз қызметі.