НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанның вакцина паспортын мойындайтын елдерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүгінде біздің паспортымыз Таиланд, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан, Кипр, Грузия және Түркияда мойындалады. Паспорттарды өзара мойындау бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді ол брифингте.
Сондай-ақ, айтуынша, вакцина паспортын ЕАЭО аясында мойындау бойынша келіссөздер басталды.
Оқи отырыңыз: Вакциналаудың электронды паспортының жаңа нұсқасы пайда болды
Бұған дейін америкалық "Pfizer" вакцинасы Қазақстанға осы жылдың 4-ші тоқсанында жеткізілетіні хабарланды. Осыған байланысты ел үкіметі 12 жасқан асқан балаларға "Pfizer" вакцинасын салуды жоспарлап отыр.