Музей Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2016 жылы жаңа ғимаратқа көшті. Осылайша музейге бұрынғы Верный балалар үйінің ғимараты берілді. Қазір бұл жерде 11 зал бар.
Музейде қола дәуірінен бастап, Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейінгі аралықты қамтитын экспонаттар қойылған. Толығырақ Sputnik материалынан көре аласыз.
1 / 20
Алматы қаласының тарихынан сыр шертетін Алматы музейі 2001 жылы ашылып, 2002 жылы іске қосылған. Мұражай Қабанбай батыр көшесі, №132 үй мекенжайы бойынша бұрынғы Верный балалар үйінің ғимаратында орналасқан
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
2 / 20
Мұражайда Жетісу өңірінен табылған жәдігерлер мен қазақ тарихын айшықтайтын заттар қойылған. Музей Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2016 жылы жаңа ғимаратқа көшті
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
3 / 20
"Ежелгі және орта ғасырдағы Алматы" залында қола дәуірінде Жетісу тұрғындарының қандай шаруашылықпен айналысқаны, олардың сол кезеңде қолданған заттары қойылған. Оның ішінде дәнүккіштер, қыш тостағандар бар
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
4 / 20
1968-69 жылдары Есік қаласынан табылған Сақ адамы қолданған заттар мен үйсін мәдениетіне жататын "Қарғалы диадемасы". Бұл әшекей Қарғалы шатқалынан табылған
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
5 / 20
ХІІ ғасырдағы су құбыр жүйесі Талғар қаласынан табылған. Ұзындығы – 12 метр
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
6 / 20
Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарихи Рашиди" еңбегінде Қазақ хандығы Іле Алатауының солтүстік-батысында Қозыбасы жотасы мен Шу бойында құрылғаны айтылған. Фотода Дулатидің "Тарихи Рашиди" еңбегінің көшірмесі
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
7 / 20
Мұражайда Қазақ хандығының құрылуы кезеңіне арналған зал бар. Мұнда қазақ жауынгерінің қаруы, сол кезеңде халықтың қолданған заттары қойылған
© Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
8 / 20
Қазақ жауынгерінің кісе белдігі
© Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
9 / 20
Күміс әшекейлер
© Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
10 / 20
"Верный кезеңі" залында шығыстанушы Барлыбек Сыртанов, альпинист Евгений Колокольников, архитектор Андрей Зенков қолданған заттар қойылған
© Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
11 / 20
Тостаған тәріздес оқ сақтайтын сауыт
© Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
12 / 20
"Жетісу халқының материалдық мәдениеті" залында ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекей-бұйымдар қойылған
© Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
13 / 20
1926-1930 жылдар аралығында Түркістан-Сібір темір жолы салынды. Фотода сол кездегі темір жолдың инсталляциясы
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
14 / 20
Алматы-1 вокзалынан жүрген пойыздардың кестесі
© Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
15 / 20
Алматы керамика зауытының өнімдері
© Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
16 / 20
"Кәсіби өнердің дамуы" залы халық әртісі Ермек Серкебаевтың өнеріне арналған. Мұнда өнерпаздың халықаралық, республикалық жарыстарда алған марапаттары қойылған
© Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
17 / 20
1963 жылы жасалған Беларусь телерадиоласы
© Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
18 / 20
Қазақстанда альпинизм тарихы 1920 жылдан басталады. 1930 жылдары Қазақстан альпинистері географиялық картасын анықтап, Іле Алатаудағы "Абай", "Талғар", "Хан тәңірі", "Жамбыл" шыңдарын бағындарған. Мұражайда альпинистің тауға өрмелеу сәті көрсетілген
© Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
19 / 20
"Желтоқсан" залы 1986 жылдың құрбандарына арналған. Мұнда Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асанованың жеке жаттары қойылған. Соның ішінде Қайрат Рысқұлбеков түрмеде отырған кезде жасаған сандық бар.
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур Батыршин
20 / 20
"Егемендік және Алматы" залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, қабылданған маңызды жарлықты айғақтайтын фотолар, Нұрсұлтан Назарбаевтың инаугурациясында түсірілген фотолар бар
© Sputnik / Айгерім Таубай, Тимур Батыршин