НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Алматыда Бекмаханов пен Волгоградская көшелерінің қиылысында көлік жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, жол апатына себеп болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұрылыста көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, сол сәтте Бекмаханов көшесімен шығыс бағытқа қарай жылжып келе жатқан Nissan Primera-ға жоғары жылдамдықпен соқтығысты.
Оқи отырыңыз: Оралда екі көлік соқтығысып, жол жиегінде тұрған адамды қағып кетті – видео
Nissan Primera жүргізушісінің айтуынша, ол көліктің жоғары жылдамдықпен келе жатқанын байқап, соқтығысуды болдырмауға тырысқан. Соққыдан Nissan бордюрге шығып, жол белгісі мен бетон қоршауды бұзған.
Chevrolet Cobalt бірнеше метр ұшып барып арыққа түскен.
Жол апаты салдарынан үш адам: Nissan Primera жүргізушісі мен жолаушылары зардап шекті. Олар жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.