Қоғам

Рөлде ұйықтап кеткен: Алматыда ірі жол апаты болды - фото

© Sputnik / Георгий Зимарев / Медиабанкке өтуТрещины на лобовом стекле автомобиля
Трещины на лобовом стекле автомобиля - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2021
Жазылу
Алматыда жол апаты салдарынан үш адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Куәгерлердің айтуынша, жол апатына рөлде ұйықтап кеткен жүргізуші себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Алматыда Бекмаханов пен Волгоградская көшелерінің қиылысында көлік жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, жол апатына себеп болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

© Sputnik / СтрингерАлматыда жол апатынан үш адам жарақат алып, ауруханаға түсті
Рөлде ұйықтап кеткен: Алматыда ірі жол апаты болды - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2021
Алматыда жол апатынан үш адам жарақат алып, ауруханаға түсті

Бұрылыста көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, сол сәтте Бекмаханов көшесімен шығыс бағытқа қарай жылжып келе жатқан Nissan Primera-ға жоғары жылдамдықпен соқтығысты.

Оқи отырыңыз: Оралда екі көлік соқтығысып, жол жиегінде тұрған адамды қағып кетті – видео

Nissan Primera жүргізушісінің айтуынша, ол көліктің жоғары жылдамдықпен келе жатқанын байқап, соқтығысуды болдырмауға тырысқан. Соққыдан Nissan бордюрге шығып,  жол белгісі мен бетон қоршауды бұзған.

© Sputnik / СтрингерАлматыда жол апатынан үш адам жарақат алып, ауруханаға түсті
Рөлде ұйықтап кеткен: Алматыда ірі жол апаты болды - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2021
Алматыда жол апатынан үш адам жарақат алып, ауруханаға түсті

Chevrolet Cobalt бірнеше метр ұшып барып арыққа түскен.

Жол апаты салдарынан үш адам: Nissan Primera жүргізушісі мен жолаушылары зардап шекті. Олар жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар
0