Тәлібтер түрік әскерінің ауған жерінде қалуына қарсылық танытты

Анкара мен Вашингтон түрік әскерилерін кабулдық әуежайды күзету үшін ауған жерінде қалдыруды көздеген болатын. Алайда бұл ой тәлібтерге ұнаған жоқ. Сондықтан "ислам эмиратының" содырлары әскери тұтқындарға, яғни өз елінің азаматтарына оқ атты
Sputnik

Ауғанстан құлдырауы жалғасып жатыр. "Талибан"* Ауғанстан аумағындағы түрік әскері АҚШ-пен келісімді, елдің егемендігі мен аумақтық бүтіндігін бұзып отыр деп ашық жариялап, бұл Түркия үшін қиындық алып келетінін жеткізді. Тәлібтер кез келген елдің әскерін басқыншылар ретінде қабылдап отыр: "Басқыншылармен 1422 һижра жылындағыдай (2001 жыл) күресетін боламыз. Ол шақта соңғы 20 жылдағы соғыс жихадқа айналды".

Тоқаев Ауғанстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Біраз бұрын Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 2021 жылдың 31 тамызынан кейін Кабулдағы әуежайды күзету бойынша АҚШ-пен келісімге келгенін мәлімдеді. АҚШ пен Альянс әскері Ауғанстаннан кеткеннен кейін НАТО елінің бірі өз әскерін Кабул әуежайындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жөнелтетіні о баста іске аспайтындай көрінді.

Жалпы бұл нысан Кабулдың солтүстігінде орналасқан, қалалық құрылыс пен коммуникацияға біріктірілген. Автомобиль мен теміржол желісінің дамымағандығы Ауғанстаннан шет әлемге аттанғысы және ауған жеріне келгісі келетіндер үшін әуежайды бас "порталға" айналдырды. Сондықтан әуежайды басқару мұнда елді басқарумен тең.

Тәлібтер мұны жақсы түсініп отыр. Сондықтан өз жеріндегі билікті басқа елмен бөлісуге дайын емес. Содырлар Кабулды "тізе бүктіру" уақыт еншісінде екеніне сенімді. Бүгінде "Талибан"* елдегі 398 уездің 250-ге жуығын өз бақылауында ұстап отыр. Ал АҚШ өз әскерін елден шығару процесін 95%-ке аяқтады.

Ауғанстанның солтүстік бөлігінде үкіметтік күштер мен халық жасағының "Талибан"* содырларымен қиян-кесі соғысы әлі де жалғасып жатыр. Тәлібтердің көрші елдердің шекарасына қауіп төндірмеу туралы уәдесіне қарамастан, Орталық Азия қазір соғыс аласапыранының алдында тұр.

Өткен аптада Кундуз, Бадахшан, адгис және Герат провинцияларында соғыс әрекеттерінің қарқыны үдей түсіп, жүздеген әскери, тәліб және бейбіт тұрғын көз жұмды. Үкіметтік күштің 12 шілдеге қараған түні Логар провинциясында "Талибан"* барлау қызметінің басшысы Кари Шагасиді өлтіруі елеулі жетістік болды.

Тәлібтер тәжік шекарасын бақылап отыр: әрі қарай не болмақ
Алайда тәлібтердің де қатыгездігі басылар емес. Олар басып алған уездердегі әйелдермен күштеп некеге тұрып, "эмираттың" жаңа шектеулерімен халықтың наразылығын басып отыр және тұтқындарды қырып жатыр. CNN ақпараты бойынша Фарьяю провинциясындағы Давлат-Абад қаласында ауған әскерінің арнайы жасақ сарбаздары берілмек болғанда, содырлар 20-дан астам әскериді атып тастаған.

Орталық Азиядағы ең ұзын әрі қауіпті тәжік шекарасының оңтүстік бөлігі түгел дерлік тәлібтердің билігіне көшті. Ауғанстандағы Кундуз қаласынан 60 километр қашықтықтағы "Шерхан-Бандар" бақылау-өткізу пунктін тәлібтер басып алып, "кедендік алым" жинап отыр.

13-14 шілдеде Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлерінің саммиті өтіп, ол шарада Ауғанстан мәселесі талқыланды. СІМ басшылары Ауғанстанның солтүстік бөлігінде жағдайдың ушығуына қатысты алаңдаушылық білдірді. Ресей, Үндістан, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан өкілдері терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша 2022-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын, 2018-2023 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегияның жұмыс жоспарын қарастырды.

"Талибан"* - деструктивтік, террористік ұйым екені анық және қазір Орталық және Оңтүстік Азия, Ресей Федерациясының араласуын қажет ететін жағдай қалыптасып отыр. Осы орайда ауған жеріндегі қақтығыс халықаралық аренада жиі талқыланып жатыр.

* – Қазақстанда және басқа бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым